Қазақ көшбасшыларының геосаяси тұжырымдары мен ойлары және оларды зерттеудегі жаңаша көзқарас

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v96.i4.01
        198 105

Аннотация

Халықаралық қатынастар теориясы туралы жалпы ұғым қалыптасқалы бері көптеген өзгерістер мен даму жолынан өтті. Ғалымдар арасында Халықаралық қатынастар теориясы «батыста» қалыптасты және «шығыстық» үлгідегі халықаралық қатынастар теориясы жоқ деген көзқарастар ғылыми ортада талқыланды. Шығыстық ғалымдар қарап қалмай, «Қытайлық үлгідегі халықаралық қатынастар теориясы» деген жаңа тұжырымдар мен ғылыми ойлар қарқынды дамып, тарихын тереңнен ала отырып, қытайлық ғалымдар батыстық әріптестеріне «шығыста» (нақтырақ айтсақ Қытайда) халықаралық қатынастар теориясы бар екендігін дәлелдеді. Тарихын тереңнен алатын, халықаралық қатынастардың ертеден-бүгінге дейінгі ұзақ мерзімінде әлемдік сахнада ондаған империялар мен қағанаттар құра алған Қазақ мемлекеттілігінде геосаяси ойлардың, мемлекет құру мен халықаралық ережелердің теориялық негізі болмауы қалай?! Мақаланың негізгі мақсаты Қазақ көшбасшыларының саяси тұжырымдары мен ойларындағы теориялық негіздерді іздеу болып табылады.

Қасым ханның Сыр бойындағы қалаларға ие болудағы негізгі мақсаты, «Қасқа жолдағы» құқықтық негіздер; Хақназар, Тәуекел хандармен басталып, Абылай ханмен жетілдіріліп, Алашордашылардың мақсатына айналған «Алты алаш» (интеграция) идеясы тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдарының негізі болуы тиіс.

Түйін сөздер: геосаясат, геосаяси ойлар, қазақ көшбасшылары, «Алты Алаш» және интеграция.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhekenov, D. (2021). Қазақ көшбасшыларының геосаяси тұжырымдары мен ойлары және оларды зерттеудегі жаңаша көзқарас. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 96(4), 16–24. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v96.i4.01

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері