ЕО-тың Орталық Азияға арналған жаңа стратегиясы: оны табысты жүзеге асырудағы кедергілер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2022.v98.i2.08
        314 194

Аннотация

Еуропалық Одақ (ЕО) Орталық Азиямен ынтымақтастық желісін жалғастыруда. 2007 жылғы стратегия қоршаған орта мен энергетикадан қауіпсіздікке, адам құқықтары мен заң үстемдігіне дейінгі салалардағы ынтымақтастықты көздеді. Ол он жылдық мерзімге қабылданып, 12 жылдан кейін сәл кідіріспен басқа стратегиямен ауыстырылды. 2019 жылы қабылданған ЕО-тың Орталық Азияға арналған жаңа стратегиясы 2007 жылғы стратегияның жаңартылған нұсқасы болып табылады. Бұл 2007 жылғы нұсқа, бір жағынан, нақты мақсаттардың жоқтығынан, екіншіден, Орталық Азия елдері тұрғысынан маңызды болып көрінгенімен, шын мәнінде маргиналды тақырыптарға байланысты қатты сынға ұшырады. ЕО әлсіз сыртқы саясаты, шешімсіздік және екінші дәрежелі мәселелердің басымдылығы үшін тек сырттан ғана емес, мүше мемлекеттер тарапынан да сынға ұшырады. Жаңа Стратегия толықтырылып, ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қосылғаны сөзсіз. Соған қарамастан, біздің ойымызша, Стратегияның толық сәтті жүзеге асуына кедергі келтіретін кейбір тежеуші факторлар бар. Осылайша, мақала ЕО-тың Орталық Азияға арналған жаңа Стратегиясының сәттілігі немесе ең оң аспектілеріне емес, оның толыққанды дамуына кедергілерді анықтауға бағытталған.

Түйін сөздер: Орталық Азия, ынтымақтастық, ЕО, cтратегиялық зерттеулер, қауіпсіздік

Жүктелулер

Как цитировать

Zharmakhanova, Z., & Marcos, A. A. (2022). ЕО-тың Орталық Азияға арналған жаңа стратегиясы: оны табысты жүзеге асырудағы кедергілер. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 98(2), 70–77. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2022.v98.i2.08