Иран Ислам Республикасындағы COVID пандемиясы кезіндегі діни білім беру және діни рәсімдер
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v95.i3.06Аннотация
Бұл мақала Ковид-19 пандемиясы кезіндегі Ирандағы діни білім мен діни рәсімдерді зерттеуге арналған. Пандемия адам өмірінің барлық салаларына әсер етті, адамдар ұжымдық рәсімдер мен жоралардан бас тартуға мәжбүр болды, ал білім беру онлайн форматқа көшті. Ковид-19 пайда болуына байланысты түрлі даулар мен пікірталастарға ұшыраған бағыттардың бірі – діни білім және жалпы дін саласы. Қоғамдық рәсімдерді тоқтату, діни мекемелерді жабу осы вирустың салдары болып табылады. Мақалада Иран Ислам Республикасындағы Ковид-19 пандемиясы кезіндегі дінді, діни рәсімдерді, діни білім беруді зерттеуде когнитивті тәсіл қолданылды, сонымен қатар автор пандемия кезінде eReligion-тің сыртқы діни мәдениеті қалай өзгергенін, сонымен қатар ирандық қоғам iReligion жағдайында қалай сезінетіндігін анықтауға тырысты. Дүниежүзілік тәртіпті жаңа сценарий бойынша дамуға мәжбүр еткен дағдарысты зерттеу барысында сыни талдау, объективтілік қағидаты, жүйелі көзқарас, діни білім беру мен діни мекемелердің жағдайын зерттеудің тарихи-аналитикалық әдісі сияқты әдістердің жиынтығы қолданылды. Осы әдістерден басқа, авторлар эмпирикалық зерттеу әдісін қолданды, бұл Google Forms платформасында парсы тілінде сараптамалық сұхбат жүргізу арқылы зерттеудің дәлдік деңгейін арттыруға көмектесті.
Қаржыландыру: Мақаладағы зерттеу «Цифрландыру және COVID пандемия кезіндегі әлеуметтік кеңістікті өзгерту контексіндегі Қазақстандағы діни институттар мен тәжірибелер» (ҚР БҒМ 2020-2021 жж. гранттық қаржыландыруымен, ЖТН AP08956706, жоба жетекшісі т.ғ.д. Л.Г. Ерекешева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті) атты жоба аясында жүзеге асырылып отыр.
Түйін сөздер: дін, діни рәсімдер, діни білім беру, әлемдік дағдарыс, Ковид-19 пандемиясы, Иран Ислам Республикасы.