Орталық Азиядағы Еуропалық Одақтың жаңа стратегиясы кейбір тұжырымдамалық аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v95.i3.04Аннотация
Мақалада 2019 жылы Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында ұсынылған Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы жаңа серіктестік стратегиясы қарастырылады. Аймақтағы елдердің геосаяси ерекшеліктерін және жетекші елдер мен әлем экономикасына Орталық Азия аймағының маңыздылығын ескере отырып, автор осы стратегияның теориялық, әдіснамалық және құқықтық негіздерін зерттеуге арналған қосымша пікір ұсынады.
Орталық Азия шамамен үш онжылдық ішінде Еуропа мен Азия арасында географиялық тұрғыда орналасуына байланысты және ынтымақтастықтың түрлі мәселелері бойынша өзара ортақ мүдделерінің бар болуының негізінде Еуропалық Одақ үшін үлкен стратегиялық маңызға ие болды. Мақалада авторлар Еуропалық Одақтың сыртқы саяси стратегиясындағы Орталық Азия аймағының маңыздылығы қарастырылып, орын алған өзгерістердің ғылыми негіздемесін саралаған.
Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдерінің жаңа ынтымақтастық стратегиясы Еуропалық Одақтың көрші елдер мен көрші аймақтарға негізделген сыртқы саясаты болып табылады. Автор жүргізіліп отырған жаңа стратегияны жүргізілген ескі немесе бұрынғы стратегиямен салыстыра отырып, жаңа стратегиядағы өзгерістер мен сын-қатерлерін табуға және дәлелдеуге тырысып, Еуропалық Одақтың Орталық Азия аймағындағы елдердің болашақта дамуына маңызға ие деген қорытындыға келеді.
Түйін сөздер: Еуропалық Одақ, Орталық Азия, жаңа стратегия, серіктестік, аспектілер.