Салыстырмалы сыртқы саясаттың қағидаттары
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v95.i3.01Аннотация
Мақалада мемлекеттің салыстырмалы сыртқы саясатының қағидаттарының сараптамасы жасалынған. Мемлекеттердің сыртқы саяси стратегиялары оның көлемі, географиялық орналасуы, тарихы, мәдениеті, басқару түрі және т.б. сипаттамаларға байланысты. Мақаланың авторы барлық ірі мемлекеттер сыртқы саясаттарын қалыптастыру мен жүргізуде бірдей әрекет жасайды ма деген сұрақ қояды. Кіші мемлекеттердің барлығы сыртқы саясатта бірдей әрекет жасайды ма? Теңізге тікелей шыға алатын мемлекеттердің сыртқы саясаты теңізге тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің сыртқы саясаттарынан өзгешелігі бар ма? Осы және олармен байланысты сыртқы саясатты жасау мен жүргізудің сұрақтары салыстырмалы сыртқы саясат саласының негізгі түйіні болып табылады.
Сыртқы саясат туралы ойлаған кезде оны проактивті және реактивті ретінде сараптамалауға келетін дипломатиялық іс-әрекеттің бағыты деп қарастырған пайдалы болады.
Халықаралық қатынастар мен жаһандық саясат тарихында қазіргі кезеңдегі оқиғаларды жүйелік зерттеуге негізделген көптеген әдістер мен тәсілдер ойлап табылған. Сыртқы саясаттың ең жақсы концепциялары көптеген онжылдықтар көлемінде мемлекеттердің тәжірибесінде қолданылып келеді. Қазіргі заманғы саяси сараптамада ежелгі саяси тәжірибеден келе жатқан концепциялар қолданылады. Осылардың тарихынан автор тоғыз концепцияға ерекше мән береді. Олардың негізінде автор мемлекеттердің сыртқы саяси стратегиялары қағидаттарының салыстырмалы сараптамасын жүргізеді.
Сараптаманың үш деңгейін пайдалана отыра, автор мемлекет өмірінің нақты бір мысалын қарастыруға көңіл бөледі. Микроскоптың ажыратымдылығын реттейтін биолог секілді халықаралық қатынастар саласындағы сарапшы сыртқы саяси оқиғалардың мәнін түсіну үшін назарды бір деңгейден екінші деңгейге ауыстыра алады.
Сонымен бірге автор зерттеудің түрі оның мақсатына байланысты екендігін атап өтеді. Мақсаттар зерттеу түрлерінің әр алуандығына қатысты ұйымдастырылуы мүмкін: әдістемелік, сипаттамалық, сараптамалық және т.б.
Сондай-ақ автор классикалық ойшылдардың сыртқы саясат туралы мысалдарын келтіреді.
Түйін сөздер: сыртқы саясат, халықаралық қатынастар, саяси сараптама.