Сандық дипломатия жұмсақ күш мәнмәтінде (Франция және Қытай мемлекеттерінің мысалында)

Авторлар

  • B. Baktybekova Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-9793-6670
  • B. Batyrkhan Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-2942-925X

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v94.i2.08
        608 413

Аннотация

Қоғамда ғаламтор мен әлеуметтік желі секілді жаңа құбылыстың пайда болуы, жылдар бойы қалыптасқан дипломатия саласының дәстүрлі қызмет құрылысына әсер етіп, дипломатиялық қызметтің жаңа үлгісінің пайда болуына және осы үлгіні дипломатиялық қызметте қолдануға негіз тудырды. Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саяси қызметін іске асыру мақсатында, ғаламтор мен әлеуметтік желілерді пайдалану салдарының негізінде, ғылыми ортада, әсіресе халықаралық қатынастар саласында «цифрлық дипломатия» (digital diplomacy) ұғымы қалыптасты. Цифрлық дипломатия ұғымы «жұмсақ күш» концепциясына ұласып, мемлекеттің халықаралық аренада имиджін қалыптастыруға мүмкіндік туғызды. Мақалада цифрлық технологияларды қолдану негізінде, өзінің имиджін қарқынды дамытып жатқан Франция мемлекетінің сыртқы істер министірлігінің қызметіне талдау жүргізіледі. Қазақстан Республикасының дипломатия саласында цифрлық технологияны қолдану аясындағы кемшіліктер қарастырылады.

Тақырыпты зерттеу барысында авторлар тақырып аясында қарастырған деректер мен ақпараттарға талдау, жинақтау және сұрыптау әдістерін қолданады. Сонымен қатар, мерзімді басылымдардағы ақпараттарды талдауға, авторлардың көзқарастарын бағалауға, баспасөз беттерінде соңғы қалыптасқан пікірлерді жүйелеуге бақылау әдісі қолданылды.

Түйін сөздер: цифрлық дипломатия, жұмсақ күш, ғаламтор, әлеуметтік желі, сыртқы істер министрлігі, Франция мемлекеті, Қазақстан Республикасы.

Жүктелулер

Как цитировать

Baktybekova, B., & Batyrkhan, B. (2021). Сандық дипломатия жұмсақ күш мәнмәтінде (Франция және Қытай мемлекеттерінің мысалында). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 94(2), 86–93. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v94.i2.08

Шығарылым

Бөлім

Дипломатияның, геосаясаттың және халықаралық құқықтың өзекті мәселелері