Қазіргі әлемдегі Ресейдің халықаралық имиджінің мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v94.i2.06Аннотация
Елдің имиджі және оны әлемдегі қабылдау мәселесі қазіргі заманғы мемлекеттердің саясатындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Қазіргі Ресей – қарама-қайшылықты бейнесі бар ел ретінде, бүгінде бұл мәселе төңірегінде ғылыми ортада қызу пікірталастар жүруде. Бұл мақалада біз биполярлық кезеңдегі Ресейдің бейнесін қабылдауға байланысты мәселелерді қарастырамыз. Ресейдің тарихы терең, ал геосаяси амбициясы бүгінде екіұштылықпен қабылданады, кейбіреулер үшін ол агрессор, демократиялық емес режимдердің қамқоршысы, ал басқалары үшін АҚШ-тың гегемониясына қарсы тұра алатын мемлекет ретінде. Ресейдің қазіргі имиджі Кеңес Одағы құрған негізге негізделген. Кезінде Джозеф Най атап өткендей, КСРО имиджі екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіспен, ғарышты игерумен және спорттағы жетістіктермен байланысты болды. Ресейге қарсы қазіргі шабуылдар дәл осы мәселелермен байланысты, екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелерін қайта бағалау науқаны белсенді жүргізілуде, Шығыс Еуропа елдерінде кеңес сарбаздарының ескерткіштеріне және олардың қабірлері қатысты даулар күшеюде, спортта Ресей допингты кеңінен қолданды деп айыпталуда, Олимпиада ойындарында әнұран орындауға тыйым салындығын білеміз.
Түйін сөздер: Ресей, жұмсақ күш, имидж, қабылдау, насихат, Қырым, Путин, режим.