Жаңа Азиядағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ): соғыстан кейінгі кезеңнің қысқаша мазмұны

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v94.i2.05
        103 93

Аннотация

Мақалада «Жаңа Азия» ғылыми тұжырымдамасы аймақтық негізде талданып, аймақтағы ШЫҰ-ның рөлі талданады. Аймақтағы «Шанхай рухының» пайда болуы мемлекеттер арасында өзара сенімді қалыптастырып, биполярлық әлемнен кейінгі кезеңдегі стратегиялық тепетеңдіктің өзгеруі аясында қарастырылады. Мақаланың мақсаты – ШЫҰ-ның қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдерді көрсету және оның Еуразиялық кеңістіктегі стратегиялық вакуумды толтыратын аймақтық жүйе ретіндегі әлеуетін зерттеу. ШЫҰ-ның қамту аумағын кеңейту мен ұйым серіктестері мен бақылаушыларының рөліне ерекше назар аударылады. Бұл зерттеу жұмысы ШЫҰ аясында талқылау мен жалпы шешімдер қабылдауда ортақ алаң құрылып жатқандығын көрсетеді.

Мақалада «Жаңа Азия» тұжырымдамасы туралы концептуалдық көзқарас беріліп, осы бүкіл ғаламдық кеңістіктегі ортақ мүдделік шешімдерді іздеу және әзірлеу процесінің ерекшеліктері туралы талдау ұсынылады. ШЫҰ-ның даму үдерісінің саяси нәтижелерін зерттеу бұл ұйымның азиялық кеңістік құрудағы ықпалын айқын түрде көрсетеді. Аймақтағы елдердің аймақтық құрылым құрудағы белсенді әрекеттері ортақ мәселелерді ортақ мүдде тұрғысынан шешуде оң ықпалын тигізетін болады. Сонымен бірге, ШЫҰ аясындағы құрылымдармен де жұмыс тиімді жүруде. Мысалы, Еуропада аймақтық интеграция екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана басталса, Африка елдерінде деколонизация процесінен кейін, Латын Америкасы елдерінде бір жарым ғасырдан бері аймақтық бірегейлік іздеу тұрғысында жүруде.

Мақаланың тұжырымдарының бірі ретінде – қырғи қабақ соғыстан кейінгі кезеңде жаңадан қалыптасып келе жатқан «Қытай-посткеңестік Азия» аймағы елдерінің аймақтағы саяси және тарихи негіздерінің қалыптасуына ШЫҰ-ның ықпалы аса зор болмақ. Бұл үдерістің нақты институционалды иллюстрациясы ШЫҰ мысалында анық көрінеді. ШЫҰ қолданыстағы тұжырымдамалық және контекстік шеңберде «Жаңа Азия» ұғымының қалыптасқанын және оның қамту аймағы Азиядан тысқары аймақты қамтитынын білдіреді. Мақалада ғылыми талдау жұмыстары барысында қырғи-қабақ соғыстан кейінгі кезеңдегі және аймақтық кірігу процесінің соңғы онжылдықтағы ерекшеліктерінің себеп-салдарлық негіздерін басты ғылыми сұрақ ретінде қарастырылады.

Түйін сөздер: ШЫҰ, «Жаңа Азия», аймақтық құрылым, әріптестік

Жүктелулер

Как цитировать

Chabal, P. (2021). Жаңа Азиядағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ): соғыстан кейінгі кезеңнің қысқаша мазмұны. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 94(2), 56–65. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v94.i2.05

Шығарылым

Бөлім

Аймақтық қатынастар мен аймақтық ұйымдардың өзекті мәселелері