Трансұлттық экстремизм мен терроризмге қарсы күрестегі аймақтық және аймақтық емес акторлардың негізгі трендтері
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v94.і2.02Аннотация
Бұл мақаланың зерттеу объектісі – халықаралық жағдайды ескергендегі Орталық Азиядағы қазіргі геосаяси ақуалда жастар арасындағы радикализм идеяларының таралуындағы жаңа трендтер.
Мақаланың мақсаты: Орталық Азия елдеріндегі жастар арасында діни экстремистік ұйымдардың идеологиялық әсерінің таралу себептерін анықтауға бағытталған кешенді зерттеу жүргізу және осы саладағы халықаралық тәжірибе мен жаңа трендтерді ескере отырып, ұлттық қауіпсіздік жүйесін құратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымдарына ұсыныстар дайындау.
Зерттеу әдістері: жүйелік бағыт, жалпытарихи әдістер, институционалдық және құрылымдықфункционалдық талдау, деңгейлік-секторалдық талдау, сценарийлік болжам мен пәнаралық бағыт.
Зерттеу барысында Еуразия кеңістігіндегі геосаяси қайшылықтардың жастардың радикалдануына әсері ҚР ұлттық және стратегиялық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында зерделенеді; халықаралық ұйымдармен радикалды экстремизмді күрес жөніндегі ынтымақтастығының негізгі бағыттарын анықтау мақсатында олардың тиімділігін арттыру мүмкіндіктері зерделенеді. Шығарылған нәтижелер ұлттық және аймақтық қауіпсіздік қауіп-қатерлерін алдын ала ескертуге бағытталған мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар үшін ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: жаңа трендтер, экстремизм, радикализм, ланкестік, Орталық Азия.