Мамандыққа бағытталған француз тілін оқытудағы құзыреттілік тәсіл (Халықаралық құқық және Халықаралық қатынастар мамандықтарының мысалы негізінде)

Авторлар

  • A. Kanayeva Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-9957-4236

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v93.i1.08
        106 90

Аннотация

Біз бұл мақалада француз тілін шет тілі ретінде (FLE) оқыту туралы әдебиеттерге қысқаша шолу жасап, «Арнайы мақсаттағы француз тілі» (FOS), «Мамандыққа бағытталған француз тілі» (FS), «Француз тілі кәсіби тіл ретінде» (FLP) және «Құзыреттілік тәсіл» деген тұжырымдамаларға сипаттама жасауға тырысамыз. Бүгінгі таңда академиялық ортада оқытудың мақсаттары, мазмұны және мұғалімнің рөлі тұрғысынан «Мамандыққа бағытталған француз тілі» мен «Негізгі француз тілін» (FG) оқытудағы ерекшеліктерді ажыратуда қиындықтар бар екені мәлім болып отыр. Сонымен қатар, осы сала бойынша зерттеушілердің тұжырымдамаларына сүйене отырып, біз француз тілін шет тілі ретінде оқытудағы тілдік емес мамандық студенттеріне білім беруді кәсіптендіру үшін қазақстандық жоғары оқу орындары қандай тәсіл ұсынып отырғанын анықтауға тырысамыз. Соңғы жылдары, мамандыққа бағытталған француз тілі тілдік емес мамандық студенттерінің білім беру үдерісіне енуі кәсіби қызметтегі шет тілдік қатынастың рөлінің артуына байланысты ерекше маңызға ие болды. Осылайша, Қазақстанның жоғары оқу орындарында мамандыққа бағытталған француз тілін оқыту студенттерді кәсіби ортаға кіріктіруге, сонымен қатар қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әсерін тигізеді.

Түйін сөздер: француз тілін шет тілі ретінде, мамандыққа бағытталған француз тілі, арнайы мақсаттағы француз тілі, білім беруді кәсібилендіру, құзыреттілік тәсіл, тілдік емес мамандықтар.

Жүктелулер

Как цитировать

Kanayeva, A. (2021). Мамандыққа бағытталған француз тілін оқытудағы құзыреттілік тәсіл (Халықаралық құқық және Халықаралық қатынастар мамандықтарының мысалы негізінде). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 93(1), 69–75. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v93.i1.08

Шығарылым

Бөлім

Методология мен қолданбалы лингвистиканың кейбір мәселелері