Байден басшылығындағы Ақ үй және АҚШ-тың Орталық Азиядағы жаңа сыртқы саясаты

Авторлар

  • Patrick Mendis Чжэнчжи Ұлттық университеті, Тайвань, Тайбэй қ.
  • S. Uralbayev Ухань университеті, ҚХР, Ухань қ. http://orcid.org/0000-0002-8747-9602

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v93.i1.04
        232 149

Аннотация

Бүкіл әлем 2020 жылғы Америка Құрама Штаттарындағы президенттік сайлауды асыға күтті, себебі жаңадан сайланған Президент АҚШ өзінің альянстары мен қарсыластарына бағытталған сыртқы саясатын түбегейлі өзгертеді деген үміт бар. Алайда, Джо Байденнің әкімшілігінен АҚШ пен Орталық Азияның қарым-қатынастарында нені күтуге болады және жаңа президент аймақтағы Дональд Трамптың саясатын қалай өзгерте алады деген сұрақтар саясаткерлер мен халықаралық қатынастар мамандарының арасында қызу талқыға түсуде.

Бұл мақала Америка Құрама Штаттарынының Орталық Азияға қатысты соңғы онжылдықтағы сыртқы саясатын қарастырып, талдап және болашақ 4 жылдық Джо Байден президенттігіне болжам жасалынады. Халықаралық қатынастардың заманауи динамикасы аймақтық және халықаралық акторларда болып жатқан ішкі және сыртқы әкімшілік саяси шешімдерін талдап отыруды талап етеді. АҚШ әлемдік ойыншы ретінде аймақтық және әлемдік тепе-теңділікті сақтауға жауапкершілік ала отырып, осы аймақта Қытай – Ресей үстемдігіне  төтеп беріп өз орнын табуға тырысады. Шын мәнінде, қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттарынының Орталық Азиядағы мүдделері АҚШ пен ҚХР арасындағы жаһандық қарама-қайшылықпен және Ауғанстандағы жағдаймен байланысты болып отырғандығы айқындалады.  

Түйін сөздер: Орталық Азия, АҚШ, Джо Байден, Ақ үй, саясат, геосаясат.

Жүктелулер

Как цитировать

Mendis, P., & Uralbayev, S. (2021). Байден басшылығындағы Ақ үй және АҚШ-тың Орталық Азиядағы жаңа сыртқы саясаты. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 93(1), 34–41. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v93.i1.04

Шығарылым

Бөлім

Орталық Азияға қатысты жаңа сыртқы саясат және ЕО жаңа стратегиясы