Әлемдік сауда соғыстарының эволюциясы: тарихи аспект

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v93.i1.03
        270 125

Аннотация

Бұл мақалада автор халықаралық сауда саласындағы сауда қайшылықтарына қатысты тенденцияларды талдауға және «сауда соғыстарына» анықтама беруге тырысқан. Жаһандық сауданың өсуі сауданы қорғаудың экономикалық салдары мен саяси құрылымын өзгертті. Зерттеу барысында қазіргі уақытта жаһандық сауда жүйесі үшін ең үлкен мәселеге айналған сауда даулары мен соғыстары үлкен алаңдаушылық тудыратыны және мемлекеттер арасындағы сауда қатынастарындағы белгілі бір қайшылықтар «сауда соғыстары» ретінде сипатталатыны анықталды.

Халықаралық сауда қатынастары пайда болғаннан және дамыған кезден бастап, елдер арасындағы сауда нарықтары үшін бәсекелестік жағдайында елеулі сауда қақтығыстары пайда болып шиеленісе бастады, ал халықаралық сауда жүйесінің дамуына байланысты сауда қақтығыстарының салдары барған сайын ауқымданып келеді. Елдер өз нарықтарын шетелдік бәсекелестердің тауарларынан қорғау және сыртқы нарықтардағы ұстанымдарын нығайту үшін дипломатиядан бастап, әскери араласуға дейінгі әртүрлі әдістерді қолданды.

Мақалада әлемдік сауда соғыстарының даму тарихы мен себептері қарастырылған. Ежелгі Грециядан бастап бүгінгі күнге дейінгі халықаралық сауда қайшылықтары мен дауларының эволюциясын зерттеу нәтижесіне сәйкес, даулардың объектілері әртүрлі екендігі көрсетілді, сауда соғыстары кезінде әртүрлі әдістер мен құралдар қолданылды. Сауда соғыстары әрқашан жойқын болғанымен, қазіргі кезеңде бұл қақтығыстар келіспеушіліктерді тудырып, жаңа геосаяси қарама-қайшылыққа ұласып, ұзақ жаһандық құлдырауға алып келуі мүмкін.

Түйін сөздер: сауда-экономикалық қатынастар, сауда қайшылықтары, сауда соғысы, АҚШ, Қытай.

Жүктелулер

Как цитировать

Baikushikova, G., Utkelbay, R., & Haixin, H. (2021). Әлемдік сауда соғыстарының эволюциясы: тарихи аспект. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 93(1), 25–31. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v93.i1.03

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастар мен дипломатияның өзекті мәселелері