Брексит және Империя: «Жаһандық Британия» жолындағы колониалдық ностальгияның рөлі

Авторлар

  • Berny Sèbe Бирмингем университеті, Ұлыбритания, Бирмингем қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v93.i1.02
        224 207

Аннотация

Бүгінгі күнге дейін британдық ұжымдық санаға сіңіп кеткен колониалдық британдық империяны аңсау элементтері «Жаһандық Ұлыбритания» ұғымының жетістігіне қаншалықты себептеседі?

Басқаша айтқанда, Британия (1740 жылы Томас Арн шығарған Rule Britannia (Басқар, Британия) патриоттық әні бойынша) және Брексит арасында генеологиялық байланыс орнатуға бола ма?

Империя 2.0 тұжырымдамасы елдің Еуропалық Одақтан шығу принциптерін қолдайтын Брексит жақтастарының бірқатар себептерді негіздеу үшін жиі қолданылғанымен комментаторлар Британия халқының осы мәселе төңірегіндегі бұрынғы сезімдерін елеусіз қалдырғаны белгілі рөл атқарды және Ұлыбритания халқының 52% 2016 жылдың жазында Еуроодақтан шығуды қолдады. Сондықтан, әлі күнге дейін ұзақ мерзім тәсілі – (longue durée) бірнеше ғасырлар бойғы тұрақты сабақтастықты көрсетеді. 1980 жылдардан кейінгі тарихи оқиғалар британ мәдениеті мен саясатының ДНҚ-сына империялық тәжірибе ықпалының тұрақты сақталғандығын көрсетеді. Бұл Британдық аралдардың бүкіл тұрғындарын қамтыған және Джон Макензи «халықтық империализм» деп атаған бірқатар мәдени шараларда байқалды.

Бұл мақалада, кем дегенде он сегізінші ғасырдан бері терең бойлап кеткен империяға тәуелділік құбылысы (әр түрлі дәрежеде болса да) сақталып, империялық мұраның күшін ЕО жобасына қолайлы балама ретінде көбіне жасырын атап өткен Brexit жақтастары арасында жаңа өмір тапты деген гипотеза зерттелген.

Түйін сөздер: «Жаһандық Ұлыбритания», британдық империяны аңсау, Брексит, Еуроодақ.

Жүктелулер

Как цитировать

Sèbe, B. (2021). Брексит және Империя: «Жаһандық Британия» жолындағы колониалдық ностальгияның рөлі. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 93(1), 16–24. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2021.v93.i1.02

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастар мен дипломатияның өзекті мәселелері