Әлемдік экономиканы сервитизациялау жағдайында қазақстандық ойын-сауық индустриясының дамуы
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2020.v92.i4.08Аннотация
Технологиялардың дамуы қызмет көрсету экономикасының жағдайына маңызды әсерін тигізеді. Озық технологиялар қызмет көрсету экономикасының драйвері болып табылады. Қызмет көрсету экономикасы адамдардың қажеттіліктеріне бағытталған, ал сервитизациялаудың жоғары қарқындары оның негізгі ерекшелігі болып табылады. Қызметтер экономиканың әлеуметтік бағытталуына, өмір сүру деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді. Дамыған елдерде қызметтердің ЖІӨ-дегі үлесі 60-70%-дан асады. Жоғары білікті мамандардың басым бөлігі қызмет көрсету саласында шоғырланған. Бұл ғылымға, білімге, денсаулық сақтауға, телекоммуникацияларға, IT-ге, инжинирингтік қызметтерге, қаржылық және банктік қызметтерге, PR мен маркетингке және ойын-сауық индустриясына қатысты. Қызмет көрсету экономикасының даму деңгейі жалпы экономиканың деңгейін көрсетеді. Қызмет көрсету экономикасының бөлігі бола отырып, әлемдік ойын-сауық индустриясы бүкіл әлем үшін маңызды табыс көзі болып табылады. Бір уақытта қазақстандық ойын-сауық индустриясы дағдарыстан шығады және жағдайды әлемдік нарықтардың өсіп отырған сұранысына қарай өзгерту тенденциясы бар.
Зерттеу мақсаты қызмет көрсету экономикасының бөлігі болып табылатын қазақстандық ойын-сауық индустриясының әлеуетін талдауға бағытталған. Қайталама және бастапқы ақпарат жинақталды. Сандық және сапалық зерттеулер сауалнама түрінде жүргізілді. Қызмет көрсету экономикасының жағдайын талдау кезінде Дүниежүзілік банктің статистикасы пайдаланылды. Кейбір елдерде ЖІӨ динамикасы мен құрылымын зерттеу сервитизация процестерінің әсерінен әлемдік экономикада болып жатқан құрылымдық өзгерістерді байқауға мүмкіндік берді.