АҚШ-тың сыртқы саясатындағы «жұмсақ күш» тұжырымдамасы: Б. Обамадан Д. Трампке өту транзиті
DOI:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2020.v92.i4.05Аннотация
Мақалада «жұмсақ күш» тұжырымдамасының Америкалық сыртқы саясаты тұрғысынан қарастырылады. Қазіргі кезде «жұмсақ күш» тұжырымдамасы дәстүрлі саясатта ғана емес, қоғамдық өмірдің басқа да көптеген салаларында көбірек естіліп талқылануда. Мұндай құбылыс мәдени жағдайлармен пікір алмасу, шетелде білім алу, сауда, тіл үйрену, бұқаралық ақпарат құралдары, сонымен қатар әлеуметтік желілер, ақпараттық технологиялар және басқа да стратегиялық маңызды жағдайларда да кездестіріледі. Бүгінгі күні бұл тұжырымдама мәжбүрлемеу және дәстүрлі күш қолдану арқылы елдерді біріктірудің қуатты құралына айналды. Оған қоса, «жұмсақ күш» қазіргі күштер теңгерімі мен ядролық қарудың болуына сенімділікті арттырудың ең тиімді құралы ретінде қарастырыла бастады. Америка Құрама Штаттары – «жұмсақ күш» ұғымын қолданудың негізін қалаушы және жарқын мысалы ретінде қабылданады. Бұл тұжырымдаманы президент Барак Обама сыртқы саясатта сәтті қолданды. 2016 жылғы Америка Құрама Штаттары әкімшілігінің ауысуымен және Дональд Трамптың саяси билікке келуімен сыртқы саясаттағы күрт өзгеріске әлемдік қауымдастық куә болып отыр. Оған қоса, Америка Құрама Штаттарының бүгінгі таңдағы саяси-экономикалық мәселелерді қарастырудың жаңаша ойлау қабілеті мен дәстүрлі «жұмсақ күштің» маңыздылығын қарастырады.