Неолиберализм мен еңбек мигранттарының мәселелері

Авторлар

  • Yang Yeon-Hee Чоннам ұлттық университеті
  • Min Ho Kook Чоннам ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2020.v92.i4.03
        181 229

Аннотация

Бұл зерттеуде халықаралық көші-қонды тудыратын неолиберализм мен жаһандану үдерісі аясындағы Корея Республикасы мен басқа елдердегі еңбек мигранттарының дәрежесі мен жағдайы қарастырылады. Зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, біріншіден, жаһандану үдерісі капиталдың еркін қозғалысына мүмкіндігінше кепілдік бергенімен адамдардың еркін қозғалысын – көші-қон үдерісін мүмкіндігінше шектейді. Неолиберализм заңдарына негізделген еңбек нарығы еңбек икемділігі идеясын алға тартады. Өндірістік жүйенің икемділігі және еңбек нарығының икемділігі еңбек мигранттарын әлемнің көптеген бөліктерінде хаос жағдайында қалуына және олар жұмыс қауіпсіздігінің жоқтығынан, сондай-ақ жоғары бәсекелестік пен сенімсіздіктен зардап шегуіне алып келді. Бұл еңбек мигранттарының қабылдаушы елдегі жергілікті жұмысшылармен салыстырғанда теңсіздік пен кемсітушілікке ұшырауына жол ашады.

Екіншіден, неолибералдық экономикалық жүйенің жағдайында еңбек мигранттары «жалдамалы құлдар» ретінде өмір сүруге мәжбүр болады. Олар жергілікті қоғамда «шеттетілген» топтар, антимиграциялық көңіл-күйдің объектілері болуда. Еңбек мигранттары, әсіресе, заңсыз еңбек мигранттары, оларды жіберуші елдердің ресми түрдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік қорғауынан тыс қалып келеді. Еңбек мигранттары үшін еңбекпен қамту кепілділігі «де-юре» қалпында қалып, «де-факто» олар өз еріктерімен жұмыс табу немесе жұмыс орындарын ауыстыра алмайды. Тіпті, жағдаят асқындап кеткен жағдайда еңбек мигранттары, әсіресе заңсыз еңбек мигранттары қабылдаушы елден шығарылуы мүмкін.

Үшіншіден, жаһандану құбылысы институттардың реттеу әрекетінің шектеулілігі мен мемлекеттің араласпау (laissez-faire идеологиясына, жаңа технологиялардың дамуы мен таралуына негізделеді. Ал, бұл байлықтың тек капиталистердің белгілі бір топтарында шоғырлануына және осы арқылы табыс теңсіздігінің өршуіне алып келді.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы көші-қон бостандығын адамның негізгі құқықтарының бірі ретінде жариялайды. Соған қарамастан, кейбір еңбек мигранттарын белсенді түрде қабылдап жатқан мемлекеттер осы декларацияны толықтырушы «Еңбек мигранттарының құқықтары туралы конвенциясына» қол қоюдан бас тартып отыр. Осы мәселелерді шешу мақсатында ЕЭЫДҰ елдері халықаралық стандарттар мен нормалар мен халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру арқылы жаһандану мен неолиберализмнің жағымсыз жақтарын жоюға шақырады. Еңбек мигранттарды жіберуші мемлекеттер үшін де, қабылдаушы мемлекеттер үшін де көші-қон үдерісіндегі жағымсыз факторларды азайтуға және артықшылықтарды көбейтуге болатындай етіп жоспарлау және өзгерту қажет.

Жүктелулер

Как цитировать

Yeon-Hee, Y., & Ho Kook, M. (2020). Неолиберализм мен еңбек мигранттарының мәселелері. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 92(4), 22–38. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2020.v92.i4.03

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастар мен дипломатияның өзекті мәселелері