Қазақстан мен Қытай арасында трансшекаралық өзендер мәселесі: қазіргі жағдайы және реттелу барысы

Авторлар

  • М. Иембекова

DOI:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2019.v86.i2.04
        741 253

Аннотация

Мақалада Қазақстанның сыртқы саясатындағы өзекті мәселелердің бірі Қытаймен екі ортадағы трансшекаралық өзендер мәселесі қарастырылған. Кейінгі кезде Қытай жағының екі елдің арасындағы Қара Ертіс пен Іле өзеніне қатысты жасап жатқан жұмыстары Қазақстан жағын алаңдатып отырғаны анық. Әсіресе Шыңжаң өлкесіндегі мұнай, газ кендерін игеруде Қара Ертіс-Қарамай каналының салынып, Ертіс өзенінің суын кеңінен пайдаланып жатқаны біздің еліміз үшін экономикалық жағынан да, экологиялық жағынан да салдары болуы әбден мүмкін. Одан басқа Қытай жағы Іле өзеніне қатысты бірнеше жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Оның бәрін жүзеге асыратын болса, онда Қазақстанның Шығыс аудандары үшін бұл үлкен қатер. Сондықтан қазіргі кезде екі ел арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесіне мән беріп, өзендерді бірігіп пайдалануда халықаралық құқық нормаларына сай өзара ортақ келісімге келуді жүзеге асыру алда тұрған басты міндет екені сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда мақалада Қазақстан мен Қытай арасындағы өзендердің қазіргі жағдайы және осы мәселеге қатысты Қазақстан мен Қытайдың ұстанымдары мен жүргізіп отырған саясаттары талданған. Сонымен қатар екі елдің арасында жүргізіліп жатқан келіссөздердің барысы және оның нәтижелері зерделенген. Автор болашақта осы мәселе екі елдің арасындағы даулы мәселеге айналмас үшін, қазірдің өзінде трансшекаралық өзендердің мәселесін екі жақты дипломатиялық келіссөздер нәтижесінде, халықаралық құқық нормаларына сай, екі елдің де мүддесін ескере отырып тиімді жағдайда шешуді тездетудің қажеттігін негіздейді.
Түйін сөздер: трансшекаралық өзендер, Қазақстан және Қытай, экономика, саясат, экология.

Жүктелулер

Как цитировать

Иембекова, М. (2019). Қазақстан мен Қытай арасында трансшекаралық өзендер мәселесі: қазіргі жағдайы және реттелу барысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 86(2), 36–45. https://doi.org/10.26577/IRILJ.2019.v86.i2.04

Шығарылым

Бөлім

Халықаралық қатынастар және дипломатия мәселелері