Журнал туралы
«ҚазҰУ Хабаршысы журналы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» 1992 жылы құрылды. Журналдың негізін қалаушы және баспагері – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Журналда университет, басылымның нөмірі, ISSN, eISSN, редакция алқасының құрамы, редакциялық саясат, жарияланым этикасы және веб-сайт көрсетілген мұқаба және титулдық беттер бекітілген. Журнал жылына 4 реттік мерзіммен жарық көреді.
Журнал мақалалары CrossRef мәліметтер базасында тіркелген және әр авторлық мақалаға міндетті түрде DOI–электронды құжаттарға сілтеме, анықтама және қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін қажет нысанның сандық идентификаторы беріледі.
Журнал «Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰҒТСО) Қазақстанның дәйексөз базасында (ҚазДБ) индекстелген.
Журнал сонымен қатар elibrary.ru ғылыми электронды кітапханасында оқырмандар үшін ашық қол жетімді және «Ресейлік ғылыми сілтеме жасау индексі» (RSCI) сараптамалық мәліметтер қорына енгізілген.
Журналдың редакция алқасына қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар кіреді.
Журнал авторлық басылымдардың ақпараттық ашықтығы мен қол жетімділігі саясатын ұстанады, мақалалар журналдың сайтында үш тілде толық мәтінді қол жетімділікте орналастырылған.
Журналдың мақсаты мен міндеттері
Журналдың мақсаты – ғылыми ақпаратты тарату және жаңа авторларды тарту. Журнал халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, аймақтану, әлемдік экономика, заң және тарих ғылымдары саласындағы теория мен практиканың проблемалық мәселелерін талқылауға бастамашылық етеді.
Журналдың міндеттері:
- бұрын жарияланбаған немесе басқа журналға жариялауға ұсынылмаған түпнұсқа, сапалы ғылыми мақалаларды қабылдау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының авторлық құқыққа қатысты талаптарына және әлемдік тәжірибеде жалпы қабылданған жарияланым этикасы ережелеріне сүйену;
- Халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, аймақтану, дүниежүзілік экономика, заң және тарих ғылымдары бойынша басылымдарды қамтуға бағыт-бағдар жасау;
- халықаралық саяси, құқықтық және әдістемелік бағыттағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша теориялық және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін ұсыну;
- соңғы әдебиеттерге сын-пікір беру.
Журналдың тақырыптық бағыттары
Журнал халықаралық қатынастар мен халықаралық құқық бойынша зерттеулердің кең ауқымын қамтиды, журналдың тақырыптық бағыттары бойынша мақалалар, әлемдік саяси процеске қатысушылардың сараптамалық пікірлері, өзіндік оқу-әдістемелік әзірлемелер, осы мәселе бойынша соңғы зерттеулерге шолулар жариялайды. Журналдың тақырыптық бағыттары:
- халықаралық қатынастар мен сыртқы саясаттағы заманауи мәселелер;
- ғаламдық және аймақтық қауіпсіздіктегі өзекті мәселелер;
- халықаралық және ұлттық құқықтағы мәселелер;
- әлемдік саяси үдеріс;
- әлемдік экономиканың және халықаралық аймақтық зерттеулердегі заманауи мәселелер;
- қазіргі тіл білімі мен аудармадағы өзекті мәселелер.
Журналдың тұрақты айдары: «Жаһандық және аймақтық процестер», «Халықаралық қатынастар, дипломатия және сыртқы саясат», «Орталық Азиядағы зерттеулер», «Халықаралық құқық мәселелері», «Тіл білімі және аударма мәселелері».
* Журналда жариялауға мақұлданған қолжазбаның авторлары vмақаланы жариялау үшін бекітілген төлем құжатына сәйкес басылым үшін ақы төлеуге міндетті. Бағалардың бекітілген құжатына сәйкес мақала жариялау үшін мақаланың әрбір бетіне 2000 теңгеден төленеді.
Ерекше жағдайларда, журнал сериясын қаржыландырудың басқа көздері болған жағдайда, авторлар мақаланы жариялағаны үшін төлемнен толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.
Автор төлем жасағаннан кейін PDF форматында төлем туралы түбіртекті журнал редакциясының электронды мекен-жайына жібереді.