ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
Ключевые слова:
халықаралық қатынастар, саяси-экономикалық жағдай, тәуелсіз мемлекеттер, саяси оқиға, геосаяси мүдделер, жеке меншік қатынас, тұрақтандыру бағдарламасы,Аннотация
Мақала Орталық Азия мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды анықтауға арналған.Халықаралық қатынастар жүйесінде ежелден белгілі ақиқат - заманға сай күштер тепе-теңдігінің ауытқуына қарай, жалпы жаһандық өзгерістердің әсеріне орай, қуатты мемлекеттердің әлсіреуіне сай, елеусіз болған елдердің нығаюы енді күн тәртібіне осы елдер арасындағы саяси кеңістік үшін тартыстарды тартатындығы. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында орын алған елеулі саяси оқиға - Кеңестер одағының ыдырауы Орталық Азияда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің бой көтеруіне әкелгені айқын. КСРО-ның саяси алаңнан кетуі көптеген елдер сияқты орталықазиялық елдері үшін де күтпеген саяси оқиға болды. Бұл өз кезегінде елдердің ішкі саяси-экономикалық жағдайының елеулі түрде тұрақсыздануына әкеліп, оларды сыртқысаяси таңдауда күрделі тығырыққа тіреді. Жетпіс жыл қатаң одақтастық жүйесінде өмір кешкен елдер шектеулі көлемде болса да қандай да бір дербес топқа шоғырланбаса әлемнен сырт қалатындай күйге көшті.Өйткені бұған дейін аймақтағы елдерді өз ықпалында ұстауға ұмтылып келген көршілес мемлекеттердің ішінде негізгі тізгін Ресейдің еншісінде еді, кейін бұл аймақтағы елдер Кеңестер одағының тіпті құрамдас бөлігі болып танылды. Жаңа қалыптасқан саяси жағдайда орын алған осы кеңістікпен тығыз қарым-қатынастарға, ыңғайы келсе өз мүддесіне сай ықпал жасауға ұмтылған мемлекеттер де жеткілікті болғаны анық. Соның негізінде бірқатар мемлекеттердің геосаяси мүдделері Орталық Азия елдерінің аумағында тоғысып жатты. Олардың қатарынан шекаралас жатқан Ресей, Қытай, Иран, Түркия сияқты елдерді көруге болады. Осы аймақты өзінікіндей көретін Ресей тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында басқаны қол астында ұстағанды қойып өзі саяси-экономикалық қиыншылықтарды басынан өткеріп жатқан кезі еді. Ал осы сәтте Түркия сияқты әлде қайда орныққан мемлекеттер Орталық Азия елдерімен өзара әрекеттестіктерін қалыптастырып, екіжақты ынтымақтастықты дамыта түсті. Түркия елі мен орталықазиялық елдер арасындағы тарихи түптамырлық қатынастың нығаюына басты негіз болды.
Түркияның сыртқы саясатының негізі мен қайнар көзі «Елдегі бейбітшілік, жаһандық бейбітшілік» қағидаты болу керектігін Ататүріктің өзі өсиет етіп кеткендігін білеміз. Соған орай түріктік сыртқы саясаттың басты мақсаты барлық елдермен, ең алдымен көршілес мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, орын алған шиеленістерді бейбіт жолмен реттеу, аймақтық және халықаралық бейбітшілікті, тұрақтылықты, қауіпсіздік пен өркендеуді қамтамасыз етуге үлес қосу болып табылады. Бүгінгі күрделі де маңызды халықаралық қатынастарда бейбіт қатар өмір сүру қағидасына екі жақ та мүдделі болары анық.