1950-1960 жылдардағы Иранның ішкі саясаты

Авторы

  • Д. Күзенбаев
        132 69

Ключевые слова:

жартылай феодалдық қатынастар, демократиялық қозғалыс, империалистік державалар,

Аннотация

Мақала 1939-1945 жылдары болған екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы Иранның ішкі саясаты жөнінде мол мағлұмат береді.Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Иран өндірісі нашар дамыған, ауыл шаруашылығында жартылай феодалдық қатынастар басым келген аграрлық ел болып қала берді. Капитализмге дейінгі
өндірістік қатынастардың ыдырауы және осы реттегі капитализмнің үздіксіз дамуы елдегі ішкі саяси жағдайды қиындатты. Бұған Иран үкіметінің жүргізген экономикалық саясаты әсер етпей қоймады.Шетел тауарларының елге кіргізілуіне кең мүмкіндік бере отыра Иран үкіметі ұлттық өндірушіні тең емес бәсекеге итермелеп отырды.
40-шы жылдардың ортасында Иранда феодалдылықтың қалдықтары мен үлкен әлеуметтік бөлініс әлі де орын тапты. Көптеген артықшылықтарға ие әл-ауқаттылар және халықаралық сауда монополиясына қолы жеткен шексіз байлыққа кеңеліп өмір сүрді. Ал ұсақ буржуазия өкілдері мен ауыл тұрғындары және де басқа әлеуметтік топтар кедейшілік жағдайда өмір сүруге мәжбүр болды.

«Позитивті ұлтшылдық» атты Иранның 50-жылдардың ортасымен 60-жылдар басындағы
сыртқы саясатының басты принципі елді басқа дамушы елдерден оқшаулады. Осылайша,монорхиялық Иран дамыған ірі державалардың аграрлық-шикізат көзіне, тауар өндіру саласының біріне айналды. Сонымен қатар Иран өзінің территориясын дамыған ірі державаларға әскери алаң ретінде беріп алды. Иранның қаржылық алпауыт АҚШ пен басқа да батыс елдеріне біржақты бағыт алуы, елдің экономикасының құлдырауына, табиғи ресурстардың тоналуына, көптеген тиімсіз несие алулардың арқасында валютаның келуі 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басындағы қаржы-валюталық дағдарысқа алып келді.

Библиографические ссылки

1. Агаев С.Л. Иран между прошлым и будущим. - М., 1997. С.23-28
2. Васильев Л.С. История востока. - М., 1994. С.12-13
3. Акимбеков С. М. Афганский узел и проблемы безопасности центральной Азии. - Алматы 2003. - 1-2 С.
4. Мирский Г.И. Армия и политика в странах Азии и Африки. - М., 1970. - С.8-13.
5. Примаков Е.Н. Восток после распада колониальной системы. - М., 1982. - С.4-7.
6. Денчев К. Нефтегазовый фактор в международных отношениях. – Полития, 1999. С 45-47.

Загрузки

Как цитировать

Күзенбаев, Д. (2016). 1950-1960 жылдардағы Иранның ішкі саясаты. Вестник КазНУ. Серия международные отношения и международное право, 41(3). извлечено от https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/478

Выпуск

Раздел

Современные проблемы внешней политики и международных отношений