The concept of application of european law on the example of practical interaction among the legal systems of the european union and member states
Abstract
Бұл мақала Еуропалық Одақтың құқықтық жүйесін құрудағы Еуропалық Одақ пен мүше-
мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің тәжірибелік өзара қарым-қатынасын талдауға арналған.
Мақала негізінде Еуропалық Одақ нормалары мен мемлекетішілік құқықтың өзара қатынасы
мен өзара ықпалының әр түрлі тәсілдерін зерттеуде жатыр.
Қазіргі кезде бар халықаралық және мемлекетішілік құқықтың арақатынасы туралы
тұжырымдар халықаралық құқықтың мемлекет ішінде және Еуропалық Одақ аясындағы өзара
қатынасы туралы көзқарастардың дамуына осы тұжырымдардың ықпалына қызығушылық
білдіреді.
Европалық Одақ құқығы мен мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамасы екі дербес құқықтық
тәртіпті құрайды. Сонымен қатар, Қоғамдастықтың заңнамасы мен ұлттық заңнамалық жүйелер
бір-бірімен тығыз байланысты, көбіне олар өзара тәуелді және бір-бірін толықтырады. Мұндай
өзара тәуелділік Одақтың құқығы мемлекеттердің ұлттық құқығына тікелей ықпал етумен
жасалғанынан өз бастауын алды. Одақ заңнамасын жүзеге асыру үшін көп жағдайда ұлттық
механизмдерді қолдану қажет. Олардың өзара қарым-қатынасы Одақтың заңының мемлекет-
ішілік құқықтық нормалардан үстемдігі, Одақ құқықтық нормаларының тікелей әрекет етуі
секілді қағидалармен сипатталады.
Түйін сөздер: Еуропалық Одақ, ұлттық заң, құқықтық жүйе, халықаралық құқық, мүше-
мемлекеттер, халықаралық келісімшарт, құрылтай актілері, Еуропалық Одақ Соты, мемлекеттер,
заңнама.