Le stereotype comme la manifestation des particularites culturelles

Authors

  • Almash Seidikenova
  • Aitkali Bakitov
        62 57

Abstract

«Стереотип» ұғымы ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп жатқандығы белгілі. Аталмыш
ұғымды философия, психолингвистика, әлеуметтану, психология, этнография, мәдениеттану
және т.б. ғылым салаларының ізденушілері қарастыруда. Әрине, жоғарыда аталған ғылым
салаларының өкілдері стереотип ұғымына өз пікірін білдіріп, өз саласының талаптарына
сәйкес классификация жасаған. Әр түрлі ғылым саласындағы «стереотип» ұғымына берілген
анықтамаларға сараптама жасай келе, когнитивті үдерістер стереотиптердің қалыптасуына негіз
болады деп атап айтуға болады. Стереотиптер әлеуметтендіру және инкультурация үдерістерінде
игеріледі, сонымен қатар стереотиптерді қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдары ерекше
орын алады. Стереотиптер топтық идеологияны нобайлау және жеңілдету, қалыптастыру және
сақтау секілді когнитивті қызметтер және басқа да ойлау қызметтерін атқарады. Әр адамның
жеке тәжірибесі, қоршаған ортаны қабылдаудың ерекше формасы бар, соның негізінде оның
басында «әлем бейнесі» қалыптасады. «Әлем бейнесі» шынайы болмыстың объективті бөлігін
және жеке тұлғаның оған субъективті бағасын қамтиды. Стереотип әлем бейнесінің құрамдас
бөлігі.
Бұл мақала шеңберінде біз әр түрлі сала зерттеушілерінің «стереотип» ұғымы туралы
пікірлеріне сараптама жасай отырып, қазақ және француз тілдеріндегі этникалық, ой және тілдік
стереотиптеріне сараптама жасауды мақсат тұттық.

Downloads

How to Cite

Seidikenova, A., & Bakitov, A. (2018). Le stereotype comme la manifestation des particularites culturelles. International Relations and International Law Journal, 79(3), 95–106. Retrieved from https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/743