ҚЫЛМЫСТЫҚ ҰҚЫПСЫЗДЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ
Keywords:
қылмыстық ұқыпсыздық, формалды қылмыстар, орынды критерийлер, кәсіби міндеттер, қауіпсіз қызмет,Abstract
Мақала қылмыстық ұқыпсыздық ұғымын кеңірек ашуға бағыттталған.Ұқыпсыздық қылмыстық менменділіктен айыптының өз әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алу мүмкіндігін болжамауымен, яғни бұл салдардың іс жүзінде орын алу мүмкіндігін болжамауымен немесе олардың қоғамдық қауіпті сипатын болжамауымен ерекшеленеді. Ұқыпсыздықтың кінә нысаны ретіндегі өзінділігі де осында және ұқыпсыздық барысындағы әрі ол үшін жауапкершілікті негіздеу барысындағы салдарға деген психикалық қатынасты орнатқан кезде пайда болатын қиындықтардың себебі де, міне, осында. Егер менменділік барысындағы тұлғаның кінәсі, оның ойынша, нәтиженің орын алуын болдырмауы тиіс жағдайларды, ұшқалақтық нәтижесінде, дұрыс бағаламай, соның нәтижесінде,қауіпті әрекетті жасауға бел буатындығында қамтылса, қылмыстық ұқыпсыздық барысында,
тұлға қоғамдық мүдделерге ықылассыз қарау, жеткіліксіз қамқорлық пен сақтық салдарынан,зиянды нәтиженің орын алу мүмкіндігін мүлдем болжамайды, сол себепті, қоғамдық қауіпті әрекеттерді жасайды немесе еш әрекет жасамайды. Салдарды болжаудың мүмкінділігі мен міндеттілігі іске ықыласпен, ынталы қарау барысында, тұлғаның бұл салдарды болжай алатындығын және оларды болдырмайтындығын немесе қауіпті әрекетті жасаудан аулақ ұстанатындығын көрсетеді.
References
2. Шаргородский М.Д. Преступления против жизни и здоровья. – М., Госюриздат, 1948, 99-100 б.;
3. Владимиров В.А. Преступная небрежность как форма вины по советскому уголовному праву, 103 б.;
4. Костадин Лютов. Професионална непредпазливост, 136 б.