ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚПЕН ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ ЖАЙЫНДА
Keywords:
экологиялық қауіпсіздік, мемлекеттік саясат, тұрақты даму, экономикалық реформалар, Еуропалық Одақ,Abstract
Мақалада Қазақстанның Еуропалық Одақпен экология саласындағы ынтымақтастығы жөнінде мол мағлұматтар беріледі.Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi. Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi жақсаруы бола қойған жоқ әрi ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қажеттi қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен сипатталады.
Еуропа елдерінің Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешуде техникалық және қаржылық көмекке әрекеттесуі ғаламдық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бір қадам болып табылады. Еуропалық Одақтың көмегі шешімі тек қоршаған ортаны сауықтыру ғана емес, сонымен қатар күшті ұлт және күшті ұрпақтың дамуына алып келетін негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп отыр.
References
http://www.eco.gov.kz/kaz/strategiya/docs/keb_kz.pdf
2. http://www.carecnet.org/assets/files/presentations%20conference/welcome%20speech%20EU.pdf
3. Қазақстанға ЕО жәрдемдесуі 2007-2013. – Қараша, 2007. – 12 б.
4. Еуропалық Одақ стратегиясы – Орталық Азия 2007-2013 //http: //ec.europa.eu/external_relations/ceeca/c_
asia/07_13_en.pdf
5. http://kazpravda.kz
6. Государственная Программа «Путь в Европу» на 2009 – 2011 годы // http://portal.mfa.kz/portal/page/
portal/mfa/ru/content/reference_info/07-way%20europe
7. Казахстан заинтересован в интеграции с Европой и рассчитывает на такой же настрой европейских
партнеров // www.inform.kz