ҚАЗАҚСТАН-НАТО ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ӘСКЕРИ-САЯСИ АСПЕКТІЛЕРІ

Authors

  • М. С. Мырзабеков
        163 148

Keywords:

әлемдік тәртіп, халықаралық қатынастар жүйесі, түбегейлі өзгерістер, саяси ойындар, аймақтық қауіпсіздік, екіжақты ынтымақтастық,

Abstract

Мақала Қазақстан-НАТО ынтымақтастығының әскери-саяси аспектілерін зерттеуге арналған.НАТО-Қазақстан қатынастары 1992 жылы Қазақстанның Солтүстікатлантикалық ынтымақтастық кеңесіне кіруімен басталды. Ынтымақтастық аясы кеңіп, 1995 жылы Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасына қосылды. 2002 жылы Қазақстан Жоспарлау және сараптау үрдісіне (ПАРП) араласып, әскери және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтті.
2005 жылы Қазақстанның алғашқы Серіктестік әрекеттерінің жеке жоспары (ИПАП)
жасалғаннан кейін, ішкі реформалық үрдістерге баса назар аударылды.
Қазіргі кездегі НАТО-ның Шығысқа қарай кеңеюі барысында Қазақстан айналасында
да үлкен саяси ойындардың жүргізіліп жатқандығының белгілері анық білінуде. НАТО
жетекшілігінің кейінгі кездердегі Қазақстан Республикасына қатысты жүргізіп отырған
саясаты еліміздің осы ұйымға мүше ретінде кіруінің дайындықтары іспеттес. Дегенмен,
Қазақстан НАТО-ға мүше-ел ретінде кіруге кезекте тұрған жоқ деп толық сеніммен айтуға болады. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің ресми мәлімдемесінен көруге болады. Онда: «Егер де осы ұйымның мүшесі деген мәртебе алу туралы айтатын болсақ, Қазақстанның НАТО-ға мүше ретінде енуі туралы мәселе бүгінгі күн тәртібінде тұрған жоқ, сондықтан біздің республикамыз Солтүстікатланттық альянсқа қатысушы елге айналды деп айту шындыққа сай келмейді. Сонда болса, Қазақстан НАТО-ның барлық әріптестік және ынтымақтастықты көздейтін барлық бағдарламасына белсенді түрде қатысады. Бұл ең алдымен Еуроатланттық әріптестік Кеңесі (СЕАП), «Бейбітшілік жолындағы әріптестік, «Бейбітшілік жолындағы ғылым», «Терроризмге қарсы күрес жоспары» және болашақта мүмкін болатын әріптестік бағдарламалар» делінген.

References

1. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. - Алматы: Қарасай, 2006.
- 226 б.
2. Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. - Алматы: ҒӨ Пбк «САІІНАК», 2002. - 325 б.
3. Бұл да сонда.
4. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. - Алматы: Қарасай, 2006.
- 226 б.
5. Баймолда Д. Қазақстанда НАТО – Қазақстан екінші әріптестік апталығы өтіп жатыр //Егемен
Қазақстан. 09.04.2008.
6. «Егемен Қазақстан» 24.10.2008.
7. Kazakhstan today. 01.11.2007.
8. Kazakhstan today. 11.04.2008.

Downloads

How to Cite

Мырзабеков, М. С. (2016). ҚАЗАҚСТАН-НАТО ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ӘСКЕРИ-САЯСИ АСПЕКТІЛЕРІ. International Relations and International Law Journal, 42(4-5). Retrieved from https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/580