ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК: НАТО ЖӘНЕ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ (ШЫҰ)

Authors

  • С. Ж. Сапанов
  • Е. Б. Абдраимов
        134 88

Keywords:

халықаралық қатынастар, қауіпсіздік проблемасы, энергетикалық ресурстар, Орталық Азия, тоталитарлық жүйе,

Abstract

Мақалада Орталық Азиядағы қауіпсіздік:НАТО және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жөнінде мол ақпарат беріледі.Қазіргі қалыптасып отырған халықаралық қатынастарда Орталық Азия аймағының алатын орны ерекше. ОрСапаталық Азия өзінің тарихи дамуында бірнеше күрделі тарихи кезеңдерді бастан кешеді. Сонау Шыңғыс хан дәуірінен бастап, Ақсақ Темір, Қазақ хандығы,Ресей отаршылдығы және кешегі КСРО тоталитарлық жүйесін айтсақ жеткілікті.
Жаңа халықаралық қат ынастардағы Орталық Азия екі анықтаушы фактор - энергетикалық ресурстар және Ауғанстандағы жағдаймен байланысты қауіпсіздік
факторымен байланысты. Осыған байланысты аймақтағы тұрақтылық Орталық Азия
мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың саясатымен ұштасып жатыр.
2009 жылы Астанада маусымның 24-25 күндері Еуро-Атлантикалық әріптестік
кеңесінің (ЕАӘК) ІІІ қауіпсіздік форумы өтті. Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесінің
елімізде өткен форумында Орталық Азия мен Ауғанстандағы қауіпсіздік проблемасы ғана
емес, Кавказ аймағындағы және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері де талқыланды.

Downloads

How to Cite

Сапанов, С. Ж., & Абдраимов, Е. Б. (2016). ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК: НАТО ЖӘНЕ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ (ШЫҰ). International Relations and International Law Journal, 42(4-5). Retrieved from https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/578