Әкімшілік қадағалау қылмыстың қайталануының алдын алу нысаны ретінде
Keywords:
әкімшілік қадағалау, қоғамдық өмір, қылмыстылықтың алдын алу,Abstract
Мақала қазіргі қоғамда қылмыстың қайталануының алдын алудағы әкімшілік қадағалаудың маңызын анықтауға бағытталған.Қазіргі қоғам өмірінің дамуымен қатар қылмыстылық құбылысы да қарқынды сипатқа ие болып отыр. Осы бір қылмыстылық дертінің бір бөлігі болып табылатын қылмыстың қайталануы және оның алдын алу мәселелері, онымен күресу жолында маңдай тер еңбегін төгіп жүрген адамдардың қай-қайсы болмасын алаңдатпай қоймайды. Осы ретте қылмыстың қайталануының алдын алу мәселелерін жетілдіру бүгінгі күнге дейін өзекті мәселе болып отыр.Қылмыстылықтың алдын алуды тиімді ұйымдастыру, ең алдымен үлкен үш мәселені шешіп алуды қажет етеді, олар:1) қылмыстылықты, ондағы өзгерістерді тану мен бағалау; 2) детерминацияның ерекшеліктерін табу, себептер мен жағдайларды анықтау; 3) қылмыстылықпен күресудің
жүйесін құру. Аталған жағдайлардың барлығы, әрине, тәжірибелік сипаттағы мәселелер, бірақ ол өз кезегінде оның теориялық базасын қалыптастыруды қажет етеді.
Сонымен қорыта келгенде, әкімшілік қадағалау қылмыстың қайталануының алдын алу нысаны ретінде заңдылық қағидаларын, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін сақтау негізінде Ата Заңымыз - Конституцияны басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Сондай-ақ, әкімшілік қадағалау орнату арқылы мемлекеттің қылмыстық саясатының басым бағыттарының бірі саналатын қылмыстылықтың алдын алу шарасын тиімді жүзеге асыруға өз септігін тигізеді.
References
2. Криминология: Учебник / Под ред. проф. Н.Ф. Кузнецовой, проф. В.В. Лунеева. – М.: Волтерс Клувер, 2004. - С. 468.
3. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан
Республикасының заңы (15.07.1996 жыл).
4. Қылмыстық атқару құқығы: Оқу құралы. – Алматы: ҚазМЗА, 2001. - 204 б.
5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2005.
6. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі, 30.01.2001 жыл. – А.: ЮРИСТ, 2009.
7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 20 маусым 2005 жыл. - Астана, 16 б.
8. Президент және халық газеті. - №1 (174). - 9 қаңтар 2009 жыл. - Алматы, 7-б.
9. Чукмаитов Д.С. Влияние первого преступления на последующую противоправную деятельность рецидивистов. –
М., 1994. - С. 468.
10. Чукмаитов Д.С. Предупреждение преступлений. – Алматы. Баспа, 1997. - С. 97.