Қылмыстылықтың алдын алудағы Бұқаралық Ақпарат Құралдарының рөлі

Authors

  • М. Ә. Төлеген
        174 40

Keywords:

қылмыстық саясат, адам құқықтары, әлеуметтік-құқықтық бақылау,

Abstract

Мақалада Бұқаралық Ақпарат Құралдарының қылмыстылықтың алдын алудағы рөлі жөнінде толық мәлімет беріледі.Қазіргі уақытта қылмыстылықтың әртүрлі нысандары мемлекеттердің дамуына кері әсер ететін теріс құбылыс болып отырғандығы баршаға аян. Осындай жағдайда жан-жақты ойластырылған кешенді (қаржылық-материалдық, ғылыми, кадрлық, идеологиялық, нормативтік-құқықтық және т.б. қамтамасыз етілген) бағдарламаның қажеттігі айдан анық. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі қылмыстылық тарихи мол және халықаралық бай тәжірибені ескерген біртұтас, салиқалы қылмыстық саясатты ұйымдастырудың жаңа жолдарын зерттеуді талап етеді. Қашан да құбылыстардың себептерін анықтау қажеттілігі айтылса да, іс жүзінде қылмыстылықтың негізгі себептері «жабулы қазан» сипатында қала береді де, көбіне қылмыстық саясат жазалау жүйесіне «сүйенеді». Салдарымен күрескеннен гөрі, қылмыстылықтың себептерінің ерте алдын алу қашан да маңызды. Қылмыстылықпен күресу оның алдын алу мен ескертуге негізделсе ғана ерекше тиімді болар еді. Себебі, қылмыстылықпен күресу жүйесінде репрессивтік, сазайын тарттыру тәсілдерін қолдану негізгі амал емес. Демократиялық, құқықтық мемлекетте түрмелерге жабу – бұл мемлекеттің амалсыз жасаған соңғы шарасы ретінде қолданылуы тиіс.

Бұқаралық ақпарат құралдары – бұл қоғамдағы өзекті мәселелерді көрсетудің, жаңғыртудың,зерттеудің, шешудің алаңы. Әлеуметтік-экономикалық, саяси және демографиялық мәселелердіңішінде заң саласындағы ауытқушылықтар ретінде көрініс табатын қылмыстылық мәселесі де маңызды орынды алады. Қазіргі уақытта БАҚ құқық қорғау органдарының қылмыстылық алдындағы қауқарсыздық сезімдерін тудыратын, олардың кәсіби құзыретті еместігін, сыбайлас жемқорлыққа байланысы барлығын сипаттайтын мәліметтерге толы. Сенсациялық түрде жаппай санаға мұндай криминогенді әсер ету қылмыстылықтың жалпы деңгейі мен елдің криминогенді ахуалына теріс әсерін туғызады. Сондықтан БАҚ-та берілетін материалдар қылмыстар мен қылмыскер тұлғасын сынауға, олардың іс-әрекетімен келіспеушілік сезімдерін тудырып, белгілі бір құқықтық кеңес беретін идеяға негізделуі тиіс.

References

1. Бородин С.В. Борьба с преступностью: теоретическая модель комплексной программы. – М.: Наука. – 1990. - С.11.
2. Назарбаев Н.Ә. «Дағдарыстан - дамуға» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы/ Егемен Қазақстан
№ 91 (25488), 6 наурыз 2009 жыл. - 1-3 бб.
3. Минкин А. Под властью маньяков // Московский комсомолец в Казахстане. №16 (461) 23-30 апреля 2008 г. - С. 8-9.
4. Лунеев В.В. Преступность ХХ века. Мировые, региональные и российские тенденции. - М.: НОРМА, 1999. - С.18.
5. Нәрікбаев М.С. Құқықтық тәрбие мен құқық қорғау // Заң және заман, 1996, №1, мамыр – маусым. - 5-8 бб.
6. Геворгян В.М. Организованная преступность в США. – Москва: Наука, 1980. - С.7.

Downloads

How to Cite

Төлеген, М. Ә. (2016). Қылмыстылықтың алдын алудағы Бұқаралық Ақпарат Құралдарының рөлі. International Relations and International Law Journal, 41(3). Retrieved from https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/476