Жаңа Жібек жолындағы Қытай ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы

Авторлар

  • М. Губaйдуллинa
  • Ли Сяцзюaнь ᅠ

Аңдатпа

Заманауи саяси үрдіс пен халықаралық бәсекелестік әрқашан ақпараттық жүйелерде жан-
жақты талқыға түсіп отырады. Геосаяси одақтас немесе бәсекелестің ақпараттық кеңістігі кез
келген елдегі мемлекеттік ақпараттық саясаты үшін басқарудағы ерекше нысаны және құралы
болып табылады. Қоғамдық сананы қалыптастырудағы маңызды рөлді БАҚ атқарады. Қазіргі таңда
әлемде БАҚ бір жағынан «төртінші күш» рөлін атқарса, екінші жағынан қоғамды массовизациялау
үрдісіндегі функционалды құралға айналды. Газеттер, сайттар, журналдар, ТВ және жаңа
байланыс құралдары мемлекеттің дамуына, сонымен қатар мемлекетаралық ынтымақтастыққа
маңызды ақпараттық агенттіктер ретінде әсер етеді. Сыртқы саясат мемлекеттік стратегия мен
ұлттық мүддені көрсетеді, оған мәдени, экономикалық және сауда саласындағы ынтымақтастық
кіреді. Бүгінгі таңда біз сыртқы саясат пен ақпараттық кеңістік арасындағы өзара тәуелділікті
растай аламыз. 21 ғасыр – ақпараттық өрлеу дәуірі. Бұлай ойлауымыз, мүмкін, асыра сілтеу де
болар. Адамзаттың ойларымен бөлісетін негізгі формасы ретінде ақпарат бір уақытта адами
ақыл символын білдіреді. Бірақ біздің қазіргі уақытта жоғары дамыған ақпарат адамдардың,
қоғамның, тіпті, мемлекеттің өмір салтына қатты әсерін тигізіп жатқанын мойындауымыз
қажет. Ерекше рөлді жаңа әлем қалыптастырып, барлығын шексіз ақпарат ағынының виртуалды
кеңістігіне батырған ғаламтор алады. Осы уақытта Қытай және осы жолда орналасқан
мемлекеттер арасындағы ақпарат кеңістігі өзінің белсенділігін ақырындап күшейтуде. Қытайдың
маңызды серіктестері болып табылатын Ресей және Орталық Азия, Жібек Жолының жетекші
елдері ретінде бұл үрдіске үлкен үлес қосты. Соңғы жылдары ҚХР осы елдермен экономика,
мәдениет, ғылым, білім және т.б. салаларда ынтымақтастығын кеңейту үстінде.
Түйін сөздер: ақпараттық кеңістік, жібек жолындағы экономикалық белдеу, қытайлық БАҚ,
Жібек жолы Академиясы, ақпараттық технология.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-24

Журналдың саны

Бөлім

Жаңа Жібек жолын дамытудың өзекті мәселелері