Орталық Азия елдерінің өзара интеграциялануының алғышарттары

Авторлар

  • R. Elemesov
  • A. Tileubergen
  • B. Balaubaeva

Аңдатпа

Бұл мақалада Орталық Азия елдерінің өзара интеграциялануының алғышарттары тақырыбы қарастырылған. Сонымен қатар, авторлардың пікірі бойынша, Орталық Азия елдерінің өзара интеграциялануындаәрқайсысыныңөзіндіккемнеартықтұстарыбар.Бұлүшінбелгіліалғышарттар бар екенін айта отырып, аймақтың әрқайсысы үшін тығыз интеграцияның артықшылығы мен кемшіліктерін сипаттайды. Бұған қоса, мақала осы жолда ХХ ғасырдың 90-шы жылдары туындаған мәселелерді сипаттай отырып, тарихи тұрғыдан Орталық Азия елдерінің интеграциясын,  Орталық Азиядағы бұрынғы  кеңестік  елдердің  қалыпты  ынтымақтастыққа  ықпал  ететін  немесе кедергі келтіретін ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдайды. Қорытындысында

«Қазақстан өңірлік экономикалық дамудың «локомотиві» бола алады, сондықтан Орталық Азия елдерінің интеграциясы полюсі ретінде әрекет етуге және аймақтағы динамикалық нарықтың қалыптасуына белсене қатысуға ниетті», – деп айтылған. Мақалада Орталық Азия елдерінің нақты интеграциясына ықпал ететін факторлар  қарастырылады.  Авторлар  осы  аймақтың  әр  елі үшін осы үдерістің перспективаларын растайтын тарихи фактілерді, сондай-ақ осы үдерісті түрлі халықаралық және аймақтық ұйымдардағы мемлекеттердің құрамымен байланыстырады. Алғышарттар деп біз белгілі бір жобаны  іске  асыруды  жеңілдетуге  ықпал  ететін  немесе  кедергі келтіретін объективті шарттар мен үрдістерді түсінеміз. Бұл мақалада Орталық Азия елдерінің экономикалық интеграциялануының алғышарттары әрбіреуінің экономикалық дамуын қамтамасыз етумен қатар ортақ проблемаларды шешу үшін негізделген тығыз ынтымақтастықты, сонымен қатар соңғы жылдары байқалған және Орталық Азияның шешімдерінде интеграциялық процестеріне өзіндік ықпалын тигізуі мүмкін әлемнің жетекші державаларының протекционистік кейіпінің қарқындылығымен сипатталады. Аймақтық интеграциялық процестерге теріс әсер етуі мүмкін факторларға ХХ ғасырдың 90-шы жылдары КСРО ыдырағаннан бастап, экономиканың реформалануы мен оның іске асу қарқындарының түрлі тәсілдері, елдің саяси нысандарының таңдалған формалары, өмірдің түрлі салаларындағы ұлттық басымдылық және т.б. процестер ретінде жіктеледі. Көбісі Орталық Азия елдері мүшелері болып табылатын интеграциялық топтардың және аймақтың мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдардың жағдайына да байланысты болады. Қорытындылай келсек, біз экономикалық интеграция үшін жағымды алғышарттар жағымсыз алғышарттарды басып озады және аймақ елдерінің болашағы объективті түрғыда бір-бірімен өзара байланысты және Қазақстан өңірдегі экономикалық интеграцияның

«Локомотиві» бола алады.

Түйін сөздер: интеграция, жағымды және жағымсыз алғышарттар, объективті алғышарттар, алғышарттар, кедергі келтіретін интеграциялар, Орталық Азия, аймақ елдері.

Жарияланды

2018-10-20

Журналдың саны

Бөлім

Әлемдік экономика және Қазақстан экономикасы мәселелері