Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері мен келешегі

Авторлар

  • A. M. Myrzakhmetova
  • A. Balapan

Аңдатпа

Қытай 2013 жылы ресми түрде көрші елдермен ынтымақтастықты нығайту арқылы өңірлік
экономикалық интеграцияны бірлесіп нығайтуға бағытталған «Бір белдеу – бір жол» атты
стратегиясын ұсынды. «Бір белдеу – бір жол» стратегиясы ұсынылғаннан соң Қазақстан Жібек
жолының ажырамас бөлігі ретінде Қытаймен экономика, саясат және мәдениет саласында
одан әрі алмасуларды дамытады. Қытай мен Қазақстан шекаралас мемлекеттер болған соң екі
мемлекет ресурстары бір-бірінің қажеттіліктерін толықтыра алады. Бұл мүмкіндіктер екі елдің
сауда ынтымақтастық пен өзара инвестициялар саласында бірігуге мүмкіндік береді. Мақаланың
мақсаты – Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда саласындағы ынтымақтастықтың негізгі
мәселелерін анықтау. Мақаланың зерттеу объектісі ретінде Қытай мен Қазақстан арасындағы
өнеркәсіптік ынтымақтастық қарастырылады, сонымен қатар оның маңыздылығы мен Қытай мен
Қазақстан арасындағы қазіргі сауда-саттық зерттеледі. Мақаланың әдіснамасы математикалық
талдаудан, ғылыми талдау мен синтезден, статистикалық әдістерден, тарихи әдіспен тұрады.
Бастысы қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес екі ел арасындағы экономикалық және сауда-
экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктері талқыланады. Мақаланың басты
қорытындысы – Қазақстан мен Қытайдың сауда қатынастарын тереңдету және кеңейту қажет.
Түйін сөздер: сауда ынтымақтастығы, салалық ынтымақтастық, бір белдеу бір жол,
Қазақстан.

Жарияланды

2018-03-15

Журналдың саны

Бөлім

Әлемдік экономиканың өзекті мәселелері