Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҚ) және көші- қон үдерістерін реттеу мәселелері

Авторлар

  • B. М. Balaubaeva
  • L. F. Delovarova

Кілт сөздер:

ҰШҚҰ, халықаралық көші- қон, Орталық Азия, ынтымақтастық,

Аңдатпа

Көші- қон мәселесі Орталық Азия аймағындағы тәуелсіз мемлекеттердің 20 жылдан аса уақыт бойы өзара қарым қатынастарындағы түйіткілді сала болып табылады. Посткеңестік кеңістіктегі көші- қон үдерісінің көлемі айрықша дағдарыс кезеңдерінде шамалы бәсеңдегенімен, жағымды динамикада өсуде.                                                                                                                         Орталық Азия аймағындағы мемлекеттер үшін еңбек көші- қоны негізгі трендке айналуына байланысты, олар көші- қон алмасудың белсенді және тұрақты қатысушылары болып табылады. Осы орайда, көші- қон үрдістерін тек ұлттық қана емес, сонымен қатар аймақтық деңгейде, аймақтық және халықаралық ұйымдардың қатысуымен координациялау қажет болып отыр.                           Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҚ), көші- қон мәселесі басым болып табылатын аймақта жұмыс істейтін ұйымдардың бірі. Бұл Орталық Азия аймағындағы заңсыз көші- қон мәселелерімен қатар қауіпсіздік контексті және еңбек миграциясы үшін де, аймақтың тұрақты да орнықты дамуы үшін де тең дәрежеде маңызды.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері