Көші- қон үрдістері мен тұрақты даму: негізгі байланыстар мен кемшіліктерді талдау

Авторлар

  • Л. Ф. Деловарова

Кілт сөздер:

тұрақты даму, халықаралық көші- қон, ақша аударымдары, мигранттардың құқықтары,

Аңдатпа

Көші- қон үрдістері жаһандану мен тұрақты даму мәселесінде жаңа көрініске ие болып отыр. Көші-қон мен тұрақты даму арасындағы өзара байланыс – заманауи академиялық көші- қон дискурсындағы жиі талқыға түсетін мәселелердің бірі. Екі үдеріс арасындағы негізгі байланыс халықаралық мигранттардың құқық рөлінің артуынан, қабылдаушы мемлекеттер экономикасы үшін ақша аударымдарының рөлінен және мигранттардың реципиент- мемлекеттер дамуына қосқан үлесінен көрініс табады. Бұл элементтердің барлығы көші- қон мен тұрақты даму арасындағы байланысты анықтаушы құрылымның маңызды бөліктері болып табылады. Көші-қон мен тұрақты даму арасындағы байланысты позитивті болжамдармен талдау – ең перспективті талдау жолы, себебі, осы көріністе жаһандану жағдайындағы көші- қон үрдістері жіберуші де, қабылдаушы да мемлекеттерге төніп тұрған қауіп-қатер ретінде емес, дамытуға қосылған үлес ретінде саналады. Ал бұл байланыстар тұрақтылығының жетіспеушілігі кемшілікке жатады және оны қайта ой елегінен өткізіп түзету қажет.

Журналдың саны

Бөлім

Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері