ШЫҰ əскери-саяси өлшемі аясындағы мəселелер мен перспективалар: мəселенің кейбір қырларының ғылыми жəне халықаралық-құқықтық талдануы

Авторлар

  • Zh. Amanzholov
  • Y. Б. Akhmetov

Кілт сөздер:

əскери-саяси қауіпсіздік, аумақтық қауіпсіздік, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Орталық Азия,

Аңдатпа

Аталған мақалада авторлар аймақтық қауіпсіздіктің əскери-саяси қырларының интеграциялық моделінің əрі қарай дамуына кедергі жасайтын күрделі мəселелерді айқындаумен байланысты мəселелерді бірігіп   зерттейді. Оларға, ең бастысы, ШЫҰ қызметі аясында басым бағыттарды қамту барысында бірегей бірнеше жобаларды жүзеге асыру кезінде мүше-мемлекеттер арасында орын алатын келеңсіздіктер; стратегиялық мүдделерді толық қамту кезіндегі əр мүше-мемлекет тарапынан орын алатын үйлеспеушілік жəне мүше- мемлекеттер арасындағы ішкі қарама-қайшылықтар кешені; сонымен қатар ұйымға мүше-мемлекеттердің өздерінің саяси жəне экономикалық потенциалдары бойынша ассиметриясы. Осы орайда, бір жағынан, үлкен əлем державалары ретінде ҚХР мен РФ арасындағы өзгешелікті көрсетуге, екінші жағынан, жас Орталық Азия республикаларын атап айтуға болады. Қорытындылай келе, авторлар жүйелік талдау жасау негізінде айқындалған мəселелерді шешудің кейбір мүмкін жолдарын халықаралық-құқықтық контексте ұсынып отыр.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений