Виртуалды кеңістік Орталық Азия елделерінде радикалданудың және терористік әрекетке тартудың факторы ретінде  

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/.v115i3.1613

Аңдатпа

Бұл мақалада Орталық Азия елдеріндегі радикалдану мен террористік әрекеттерге тартылу факторларының бірі ретінде виртуалды кеңістік зерттеледі. Виртуалды кеңістіктегі радикалдандыру және террористік қызметке тарту мәселелері халықаралық қауіпсіздік, саяси коммуникация және цифрлық әлеуметтану саласындағы қазіргі заманғы зерттеулердің, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың интернетті белсенді пайдалануы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта виртуалды кеңістік тек қана коммуникация құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар радикалдық көзқарастар мен экстремистік бірегейлікті қалыптастырудың дербес ортасы ретінде де жұмыс істейді. Интернет пен әлеуметтік желілердің дүние жүзіндегі танымалдылығының артуына байланысты террористік топтар виртуалды кеңістікте өздерінің жаһандық қатысуын айтарлықтай кеңейтті. Террористер интернетті үгіт-насихат, адамды жалдау, экстремистік идеологияны тарату, жұмылдыру және жаңа жалданушыларды оқыту құралы ретінде пайдаланады. Орталық Азия елдері үшін цифрлық радикалдану мәселесі кешенді сипатқа ие болып отыр. Демография тұрғысынан халықтың жас болуы, көші-қон процестері, діни белсенділіктің өсуі, әлеуметтік теңсіздік және қоғамның цифрлануының жоғары дәрежесі экстремистік идеологияның желілік ортада таралуына жағдай жасайды. Орталық Азия елдеріндегі радикалдану үдерістеріне виртуалды кеңістіктің әсер ету мәселесі талданды әрі бұл өз кезегінде аймақтық ерекшеліктерді және қазіргі сандық коммуникациялардың өзгеріске ұшырауын ескере отырып, әрі қарай кешенді зерттеуді талап етеді. Осы зерттеудің алынған нәтижелері виртуалды кеңістік радикалдануының дербес себебі болып табылмайтынын көрсетеді. Ол Орталық Азия елдерінің әлеуметтік, экономикалық және саяси факторларымен тығыз өзара байланыста жұмыс істейді, бұл жалпы аймақтық заңдылықтардың да, еларалық елеулі айырмашылықтардың да бар екенін көрсетеді. Әмбебап факторлардың қатарына әлеуметтік-экономикалық осалдық, цифрландырудың өсуі және трансұлттық экстремистік және террористік желілердің зерттеліп отырған аймаққа әсері жатады.

Түйін сөздер: виртуалды кеңістік, Орталық Азия, террористік әрекет, радикалдану, экстремистік идеология, әлеуметтік желі, интернет, дін.

Автор өмірбаяны

  • М. Тулеев, Академия КНБ РК

    Тулеев Мұрат Серғазиевич – Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік академиясы, философия докторы(PhD)(Халықаралық қатынастар),(Алматы, Қазақстан, email:muratkemer65@mail.ru) 

Жарияланды

2026-09-20