Қазақстанның Малайзия мысалында шағын және орта бизнесті қаржыландыру мақсатындағы халықаралық тәжірибесі
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/irilyj.v114i2.1585Аңдатпа
Заманауи геоэкономикалық трансформациялар мен жаһандық нарықтардағы конъюнктуралық бәсекенің күшеюі жағдайында шағын және орта кәсіпкерлік секторын дамыту Қазақстанның ұлттық экономикасы үшін стратегиялық басымдыққа айналып отыр. Осы тұрғыда, отандық бизнесті тұрақты қаржылай ынталандырудың пәрменді тетіктерін қалыптастыру мақсатында озық шетелдік институттардың тәжірибесін терең рефлексиялау қажеттілігі туындайды. Ұсынылған ғылыми жұмыс Малайзия мемлекетінің шағын және орта кәсіпкерлік секторларын фискалдық және кредит қолдау моделін кешенді талдауға және ондағы тиімді құралдарды отандық экономикалық рельске адаптациялау мүмкіндіктерін айқындауға бағытталған. Зерттеу шеңберінде Малайзияның мемлекеттік даму институттары, банктік икемдеу жүйесі, ерекше салықтық преференциялар беретін «Pioneer Status» режимі, баламалы исламдық қаржыландыру өнімдері мен «SME Credit Bureau» мамандандырылған несиелік ақпараттық құрылымының жұмыс істеу алгоритмдері жан-жақты сараланды. Мақаланың практикалық құндылығы Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау саясатын сапалы трансформациялауға, отандық мемлекеттік бағдарламалардың құралдарын модернизациялауға арналған нақты және қолданбалы ұсыныстар кешенін әзірлеумен айқындалады. Зерттеу барысында жүйелілік, салыстырмалы экономикалық талдау және құрылымдық функционалдық әдістері кеңінен қолданылды. Нәтижесінде Малайзия мемлекеті қолданған синергиялық қаржылық тетіктердің жоғары өміршеңдігі толық дәлелденіп, оларды Қазақстанның ішкі әлеуметтік экономикалық және құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып енгізудің авторлық алгоритмі ұсынылды. Зерттеудің тұжырымдары мен нәтижелері ұлттық бағдарламаларды модернизациялауға тиімді практикалық негіз бола алады.
Түйін сөздер: шағын және орта кәсіпкерлік, Малайзия, фискалдық қолдау, кредиттік қолдау, Pioneer Status, исламдық қаржыландыру, салыстырмалы талдау.
