Журнал саясаты

Жалпы ережелер

«Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы» журналы — 1992 жылы негізі қаланған және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығаратын рецензияланатын ғылыми басылым.
ISSN: 1563-0285  eISSN: 2618-1215
Мерзімділігі: жылына 4 сан (тоқсан сайын).

Мерзімділігі және шығу кестесі

Журнал желілік (электрондық) форматта жылына 4 рет мынадай мерзімде шығарылады:
Бірінші сан: ағымдағы жылдың 20 наурызына дейін;
Екінші сан: 20 маусымға дейін;
Үшінші сан: 20 қыркүйекке дейін;
Төртінші сан: 20 желтоқсанға дейін.

Мақсаттары және тақырыптық бағыты

Журнал саяси ғылым, халықаралық қатынастар, халықаралық құқық және өңіртану салаларындағы түпнұсқа зерттеулердің нәтижелері мен аналитикалық шолуларды жариялайды, оның ішінде (бірақ онымен шектелмей) мынадай бағыттар бойынша:
• халықаралық қатынастар және сыртқы саясат;
• жаһандық және өңірлік қауіпсіздік;
• халықаралық және ұлттық құқық халықаралық контексте;
• әлемдік саяси үдеріс;
• әлемдік экономика және өңірлік интеграция (саяси үдерістер мен халықаралық қатынастарға байланысты);
• өңіртану: халықаралық үдерістер мен сыртқы саясат контексіндегі өңірлер мен макроөңірлердің өзекті мәселелері.

Тіл саясаты және метадеректерге қойылатын талаптар

  • Мақалалар қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде қабылданады. Әрбір мақала үшін міндетті: авторлар туралы мәліметтер (аты-жөні, аффилиациясы, елі, байланыс деректері) және хат алмасуға жауапты авторды көрсету.
  • Барлық мақалаларға міндетті талап: мақаланың атауы, аңдатпасы және түйін сөздері негізгі мәтіннің тіліне қарамастан үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын тілінде — беріледі.
  • Библиографиялық тізім мақаланың негізгі мәтінінің тіліне сәйкес ресімделеді: «Әдебиеттер» (қазақ тіліндегі мақалалар үшін), «Литература» (орыс тіліндегі мақалалар үшін), «References» (ағылшын тіліндегі мақалалар үшін). Қазақ және орыс тіліндегі мақалалар үшін қосымша ағылшын тіліндегі «References» бөлімі міндетті түрде ресімделеді, онда библиографиялық деректер латын әрпімен (транслитерация) беріледі және қажет болған жағдайда атаудың аудармасы тік жақшада көрсетіледі. Негізгі мәтіні ағылшын тіліндегі мақалалар үшін қосымша транслитерация және библиографиялық тізімді қазақ немесе орыс тілінде ресімдеу талап етілмейді.

Қолжазбаны ұсыну және көлемге қойылатын талаптар

  • Қолжазбаны хат алмасуға жауапты автор мақаланың және барлық авторластардың метадеректерін толтыра отырып, журналдың электрондық платформасы (OJS) арқылы ұсынады. «Редакция — автор — рецензенттер» байланысы OJS арқылы жүзеге асырылады; ерекше жағдайларда — электрондық пошта арқылы.
  • Ұсынудың ұсынылатын мерзімі: кезекті сан шығатын күнге дейін кемінде 2 ай бұрын.
  • Қолжазбаның ұсынылатын көлемі: 3 000-нан 7 000 сөзге дейін (атауын, авторлар туралы мәліметтерді, аңдатпаны, түйін сөздерді және әдебиеттер тізімін есептемегенде).
  • Бір автордың мақаласы (жеке немесе авторлықпен) күнтізбелік жыл ішінде бір реттен артық жарияланбайды.

Түпнұсқалық, қатарлас ұсыну және қайталанатын жарияланымдар

  • Қарауға тек түпнұсқа қолжазбалар қабылданады — бұрын жарияланбаған және басқа басылымдардың қарауында тұрмаған. Авторлар деректер мен дәйексөздердің анықтығына, ғылыми жаңалығына және дұрыстығына жауапты.
  • Қайталанатын жарияланымға, ашылмаған елеулі өзін-өзі қайталауға (self-plagiarism), дәйексөзбен айла-шарғы жасауға және жарияланымдағы адалсыздықтың (publication misconduct) өзге де түрлеріне жол берілмейді.

Авторлық және үлес

  • Авторлық ой-тұжырымға, зерттеу жүргізуге, нәтижелерді талдауға/түсіндіруге және мәтінді дайындауға елеулі үлес қосқан зерттеушілерге тиесілі.
  • Хат алмасуға жауапты автор барлық авторластардың қолжазбаны ұсынуға және түпкілікті нұсқаға келіскенін растайды.
  • Ұсынғаннан кейін авторлар құрамын өзгертуге (қосу/шығару/ретін ауыстыру) тек хат алмасуға жауапты автордың уәжді сұрауы бойынша, барлық авторластардың жазбаша келісімімен және редакцияның шешімі бойынша жол беріледі.

Мүдделер қақтығысы және қаржыландыру

  • Авторлар ықтимал мүдделер қақтығысын (қаржылық және қаржылық емес), сондай-ақ зерттеуді қаржыландыру/қолдау көздерін (қолданылатын болса) ашып көрсетуге міндетті.
  • Рецензенттер мен редакторлар мүдделер қақтығысы туралы мәлімдеуге және ол болған жағдайда өздігінен бас тартуға міндетті; қолжазба басқа редакторға/рецензентке беріледі.

Көшірмелер, плагиат және мәтіндік ұқсастық жөніндегі саясат

  • Қолжазбалар журналға қолжетімді құралдар арқылы көшірмелерге/мәтіндік ұқсастыққа тексеруден өтеді.
  • Рецензиялауға тексеру нәтижелері түпнұсқалық деңгейі 80%-дан жоғары екенін көрсеткен және дұрыс дәйексөз алу талаптары сақталған қолжазбалар жіберіледі.
  • Дұрыс емес көшірмелер анықталған жағдайда редакция түзетулерді сұратуға, қолжазбаны қабылдамауға немесе жарияланымнан кейінгі ден қою шараларын (post-publication actions) (түзету/алаңдаушылық білдіру/ретракция) бастауға құқылы.

Рецензиялау

  • Журналда екі жақты жасырын рецензиялау (double-blind peer review) қолданылады. Әрбір қолжазба зерттеу тақырыбы бойынша маман болып табылатын кемінде екі тәуелсіз рецензентке жіберіледі.
  • Рецензиялау құпия: авторлар рецензенттердің деректерін алмайды; рецензенттерге қолжазба авторлардың деректерінсіз беріледі.
  • Рецензенттер ғылыми маңыздылығын, түпнұсқалығын, әдіснамасын, дәлелдеу сапасын, сілтемелердің дұрыстығын және журнал тақырыбына сәйкестігін бағалайды.
  • Ықтимал шешімдер: қабылдау; пысықтағаннан кейін қабылдау; қайта қарау/қосымша сараптама; қабылдамау.
  • Қорытындылар сәйкес келмеген жағдайда (бірі оң, бірі теріс) қолжазба үшінші рецензентке жіберілуі мүмкін; түпкілікті шешімді (бас) жауапты редактор қабылдайды.
  • Рецензиялаудың ұсынылатын мерзімі: қолжазба рецензенттерге жіберілген күннен бастап 2 айға дейін.

Редакция шешімі, пысықтау және қайта ұсыну

Рецензенттердің ескертулері хат алмасуға жауапты авторға OJS арқылы жіберіледі. Авторлар мыналарды ұсынады:

  • пысықталған қолжазбаны;
  • ескертулерге тармақ бойынша жауапты.
    Автор(лар) редакцияға OJS арқылы хабарлай отырып, қарау үдерісін тоқтатуға құқылы.

Шағымдар мен апелляциялар

Автор(лар) редакциялық шешімге уәжді шағым немесе апелляция OJS/редакцияның электрондық поштасы арқылы бере алады. Апелляцияны жауапты редактор және/немесе редакциялық алқа қарайды; қажет болған жағдайда қосымша тәуелсіз сараптама тағайындалады. Апелляция бойынша шешім тіркеледі және хат алмасуға жауапты авторға хабарланады.

Жарияланым этикасы және ден қою шаралары

  • Журнал академиялық адалдық қағидаттарын және жарияланым этикасының халықаралық стандарттарын, оның ішінде COPE тәсілдерін ұстанады.
  • Бұзушылықтарға мыналар жатады: плагиат, деректерді жасанды түрде жасау/бұрмалау, адал емес авторлық, мүдделер қақтығысын жасыру, қайталанатын жарияланым, дәйексөзбен айла-шарғы жасау және жарияланым этикасының өзге де бұзушылықтары (publication misconduct).
  • Бұзушылыққа күдік туындаған кезде редакция түсініктемелер мен материалдарды сұратуға, қарауды тоқтата тұруға және/немесе қосымша тәуелсіз сараптама тағайындауға құқылы.

Түзетулер, алаңдаушылық білдіру және ретракция

  • Егер жарияланымнан кейін қателер немесе ықтимал бұзушылықтар анықталса, редакция жарияланымнан кейінгі ден қою шараларын қолданады: түзету (erratum/corrigendum), алаңдаушылық білдіру (expression of concern) немесе ретракция (retraction) — анықталған мән-жайлардың сипаты мен расталу дәрежесіне қарай.
  • Алаңдаушылық білдіру (expression of concern) жарияланымның анықтығына, дұрыстығына немесе этикалығына негізді күмән болғанда, тексеру/тергеп-тексеру әлі аяқталмаған жағдайда жарияланады. Тексеру нәтижесі бойынша редакция алаңдаушылықты алып тастау, түзету жариялау немесе ретракция жүргізу туралы шешім қабылдайды.
  • Ретракция кезінде мақала жойылмайды: ол ғылыми жазбаның бөлігі ретінде сақталады, «Кері қайтарылған / Retracted» деп белгіленеді, сондай-ақ күні мен негіздемесі көрсетілген ретракция туралы жеке хабарлама жарияланады; мүмкіндігінше PDF те белгіленеді.

Жасанды интеллект пен автоматтандырылған құралдарды пайдалану саясаты

  • Жасанды интеллектіні көмекші құрал ретінде (тілдік түзету, аударма, пішімдеу, библиография дайындау, деректерді техникалық өңдеу) авторлардың міндетті тексеруімен пайдалануға жол беріледі.
  • Егер қолжазбаны дайындау кезінде жасанды интеллект пайдаланылса, автор(лар) мақаланы ұсыну кезінде бұл фактіні ілеспе хатта ашып көрсетуге және құралдың атауы мен пайдалану мақсатын көрсетуге міндетті. Редакцияның сұрауы бойынша автор(лар) жарияланымның ашықтығын қамтамасыз ету үшін қосымша ақпарат ұсынады.
  • Жасанды интеллектіні автор/авторлас ретінде көрсетуге болмайды. Мазмұны, фактілердің дәлдігі, сілтемелердің дұрыстығы және этиканың сақталуы үшін авторлар жауапты.
  • Жасанды интеллектіні деректерді жасанды түрде жасау/бұрмалау, жалған сілтемелер/дереккөздер жасау және тексерілмеген генерацияланған мәтінді зерттеу нәтижесі ретінде ұсыну үшін пайдалануға тыйым салынады.
  • Жарияланбаған қолжазбаларды, рецензияларды және редакциялық хат алмасуды бөгде жасанды интеллект қызметтеріне беруге, егер бұл құпиялылықты немесе қолданылатын нормаларды бұзатын болса, тыйым салынады.

Ашық қолжетімділік және лицензиялау

  • Журнал жарияланған материалдарға ресми сайтта ашық қолжетімділік береді; мақалалар толық мәтінді форматта қолжетімді.
  • Жарияланымдар Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясының шарттарымен таратылады.
  • Қайта пайдалануға лицензия шарттары шегінде авторлықты міндетті түрде көрсету және бастапқы дереккөзге сілтеме беру (журнал, саны/жылы, DOI — болған жағдайда) шартымен жол беріледі.

Авторлық құқық және өзін-өзі мұрағаттау

  • Авторлар авторлық құқықтарын сақтайды және журналға алғаш жариялау құқығын береді.
  • Авторлар жарияланған мақаланы өзге дереккөздерде (институционалдық репозиторийлерде, жеке беттерде, ғылыми желілерде) журналдағы түпнұсқа жарияланымға міндетті түрде сілтеме бере отырып орналастыруға құқылы.

DOI және метадеректер (Crossref)

Жарияланған әрбір мақалаға DOI беріледі; тіркеу жарияланымдарды тұрақты сәйкестендіру, дұрыс дәйексөз алу және ұзақ мерзімді қолжетімділік үшін Crossref арқылы жүзеге асырылады.

Жарияланым жарнасы (APC)

  • Жариялауға қабылданған қолжазбалар үшін бір мақалаға жарияланым жарнасы: 60 000 теңге белгіленген.
  • Жарна қолжазба қабылданғаннан кейін алынады; төлем редакциялық шешімге әсер етпейді және рецензиялау рәсімдерін алмастырмайды.
  • Төлемді растауды (PDF немесе JPEG форматындағы түбіртек) авторлар редакцияның электрондық мекенжайына жібереді.

Мұрағаттау және ұзақ мерзімді сақталу

Журнал ағымдағы сандар мен мұрағатқа ресми сайтта қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Цифрлық мазмұнның ұзақ мерзімді сақталуы LOCKSS және CLOCKSS мұрағаттау жүйелерін, сондай-ақ OJS платформасының техникалық мүмкіндіктері мен институционалдық сақтау тетіктерін пайдалану арқылы қолдау көрінеді.

Құпиялылық және дербес деректер

  • Авторлардың дербес деректері тек редакциялық үдеріс шеңберінде және қажетті библиографиялық мәліметтерді жариялау үшін пайдаланылады.
  • Редакция қарауда тұрған қолжазбалар туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға ашпайды, тағайындалған рецензенттерді қоспағанда.
  • Рецензенттер туралы мәліметтер авторларға және үшінші тұлғаларға ашылмайды.

Байланыс

Қолжазбаларды ұсыну және редакциялық рәсімдер мәселелері бойынша: iriljournal@kaznu.kz