Қытай қоғамындағы ислам терминологиясы (мәдениетаралық қатынас мәселесі)

Авторлар

  • K. Smagulova
  • R. Matkerimova
  • M. Omarova
  • M. Dzhamaldinova
  • Turkmen Fikret

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/IRILJ.2019.v85.i1.012

Аңдатпа

Берілген мақалада ислам терминологиясының қытай дәстүріне енуі және оның дамуы турасындағы мәселе қарастырылады. Мәдени диффузия үрдісінде қолданылатын қытай жазуының ерекшеліктері де сипатталады. Қытайлық халықтың ғасырлар бойы Батыста да,
оңтүстікте де әсер еткен діни плюрализмнің себептері басқа діндердің таралуы мен олардың
қарапайым қытайлықтардың мәдениетіне, әдет-ғұрыптарына және өміріне әсер етуі анықталады.
Мақалада ислам мен өзге де діндердің жаңа ұғымдары иероглифтік графикаға аударылғаны
және оларды қытай қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық, ұлттық және саяси қатынастардың
күрделілігін реттеуге негізделген уақыттармен байланысты өзгергені сипатталады. Діннің
қоғам дамуында алатын орны, атқаратын міндеттері мен қызметтері әлеуметтік-мәдени
институт ретінде түсіндіріледі. Қытайдағы ислам дінінің таралуы мен кезеңдері талқыланып,
діни әдебиетте қалыптасқан аудару әдістері талданылады. Саяси биліктің механизмдерінің іс-
әрекетін көрсететін және саяси қатынастар саласындағы тұлғалардың мінез-құлқын бағыттайтын
руханилықтың көп түрлілігі талданылады. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағына, Исламның
үстемдік ететін Орталық мен Таяу Шығыстағы қытайлық қақпасына ерекше назар аударылады.
Сонымен бірге, «Бір жол, бір белдеу» жобасы автономиялық аймақ аумағында коммуникация
жолдарын құратындығы, сонымен қатар жалпы Қытайды әлеммен, әсіресе, ислам әлемімен
байланыстыру жолдары қарастырылады.
Түйін сөздер: мәдени революция, қоғам, кірме сөздер, синкретизм, қажылық, әдебиет, саясат.

Жарияланды

2019-04-28

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық қатынастағы мәдениет және білім мәселелері