«Жаңа экономикалық белдеу» жобасының Қазақстан үшін көлік-логистикалық мүмкіндіктері
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/IRILJ.2019.v85.i1.09Аңдатпа
Зерттеу тақырыбы туралы кіріспе сөз. Қазіргі әлемде экономикалық және жалпы геостратегиялық
дамудың жаңа парадигмасын қалыптастыратын, осы әлемнің бейнесін керемет өзгерткен ең
ірі ауқымды бастамалардың бірі «Жібек жолының экономикалық белдеуі мен теңіз Жібек жолының
экономикалық белдеуі «стратегиясы болып отыр. Ол «Бір белдеу, бір жол» деп аталды.
Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары мен идеялары – «Жаңа Жібек жолының
экономикалық белдеуі» атты қытай бастамасының шеңберінде Қазақстан Республикасы үшін
көліктік-логистикалық мүмкіндіктерді зерттеу және анықтау.
Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығының қысқаша сипаттамасы. Жобаның
мәні Жаңа Жібек жолының экономикалық белдеуі еуразиялық құрлықтың экономикалық және
көлік-логистикалық салалардағы интеграциялануына байланысты. Бұл бастама негізінен Орталық
Азия аймағына бағытталғандықтан, біздің Отанымыз үшін болжанатын экономикалық пайданы
ескермеуге болмайды.
Зерттеу әдіснамасы «Жаңа Жібек жолы» бастамасын салыстырмалы талдау негізінде
қазақстандық «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық жобасымен салыстыруды қамтиды. Мақсатқа
қол жеткізу және қойылған міндеттерді шешу үшін жүйелік тәсілді, эмпирикалық зерттеулерді
үйлестіруге негізделген кешенді талдау, сондай-ақ салыстырмалы-тарихи әдіс жүргізілді.
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдауы, қорытындылары: авторлар зерттеуде
«жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету туралы» ҚХР және ҚР бірлескен
декларациясы, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында халықаралық ынтымақтастық
бойынша жоғары деңгейдегі форум қорытындысы бойынша бірлескен коммюнике», «Қазақстан
Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған Нұрлы жол инфрақұрылымын дамыту
мемлекеттік бағдарламасы» сияқты құжаттарды қарады. Мақалада ҚХР мен ҚР экономикалық
саладағы ынтымақтастығын дамытуға оң әсер ететін көлік логистикасы саласындағы Қазақстан
үшін елеулі мүмкіндіктер бар деген қорытынды жасалды.
Жүргізілген зерттеудің құндылығы: «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы негізгі
елдердің бірі Қазақстан болып табылады. Дәл осы Қазақстан арқылы көптеген транспорттық
магистральдар өтеді, бұл осы елдің экономикасына оң әсерін тигізеді. Нәтижесінде орасан көп
жаңа жұмыс орындарын ашуға және тауар алмасуға зор мүмкіндік туады. Жүргізілген зерттеу
Қытай бастамасының күтілетін нәтижелері мен пайдасы Қазақстан экономикасына тікелей әсер
ететіндіктен құнды.
Жұмыс қорытындыларының практикалық маңызы: жаңа көлік мүмкіндіктерін анықтауға ықпал етеді.
Түйін сөздер: көлік логистикасы, Жібек жолының экономикалық белдеуі, Нұрлы жол, қазақ-қытай қатынастары.
