Дүниежүзілік cауда ұйымына Қазақстанның қосылу процесін критикалық талдау

Авторлар

  • A. Аronov
  • A. Otarbayeva

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/IRILJ.2019.v85.i1.06

Аңдатпа

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу туралы өтініші Кеңес Одағынан толық егемендік алғаннан кейін және ел экономикасы әртүрлі реформалар мен ілгері қадамдарға мұқтаж болған кезеңде басталды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесі мемлекеттің экономикасы мен саясатына байланысты әрқилы болуы мүмкін. Кеден тарифтері және сауда бойынша бас келісіммен салыстырғанда Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу мемлекеттің ішкі саяси және геосаяси жағдайларына байланысты келіссөздер жүргізу мәселелерінің салдарынан саясилана түсті. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік – бұл Қазақстанның халықаралық экономикаға толыққанды өтудегі іргелі қадамы болып табылады. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымынан тыс қалуы мемлекеттің жаһандық нарықтағы әртүрлі артықшылықтар мен экономикалық мүмкіншіліктерден айырылып қалу қаупін туғызатыны туралы Қазақстан үкіметі өз тұжырымдарын айтқан болатын. Бұл орайда Дүниежүзілік сауда ұйымы арқылы Қазақстанның халықаралық саудаға қосылуы экономикалық өсім үшін жаңа қадам болып табылады. Тек он тоғыз жылдан кейін Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының толық мүшесі атанды. Бұл мақалада Қазақстанның күрделі әрі ұзаққа созылған Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі қарастырылады. Сондай-ақ, мақалада ұйымға кірудің негізгі мәселелеріне құқық тұрғысынан талдау жасалады.
Түйін сөздер: Дүниежүзілік сауда ұйымы, Кеден тарифтері және сауда бойынша Бас келісім, ұйымға кіру келісімі, Маракеш келісімі, көпжақты сауда келісімі.

Жарияланды

2019-04-28

Журналдың саны

Бөлім

Қауіпсіздік және халықаралық мәселелер