Күдікті мен айыпталушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы қылмыстық сот өндірісінің қағидалары
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/IRILJ.2019.v85.i1.05Аңдатпа
Азаматтарды қылмыстан қорғау – кез келген мемлекеттің маңызды функциясы. Оның объектісі заңсыз қол сұғушылықтан зардап шеккен, оларға қатысты қылмыстық істерді ашу, тергеу және сот арқылы шешу бойынша мемлекеттік шараларды жедел қабылдау талап етілетін, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылған адамдар болып табылады. Осы ұстанымнан бастап сол және басқа да адамдар тобы қылмыстық юрисдикция саласына тартылатын қылмыстық қол сұғушылықтың құрбандары болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу құқығының принциптері, құқықтық реттеудің мәні мен әдісінің категорияларымен қатар, шекті жалпы сипаттағы және қылмыстық процестің мәнін білдіретін санаттардың бірі болып табылады. Аталған мақалада Қазақстан Республикасының қылмыстық процесінде күдіктілер
мен айыпталушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қатысты және
оларды қамтамасыз ететін қылмыстық сот өндірісінің принциптері қарастырылады. Мақсат пен
қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін қылмыстық процесс принциптерінің ғылыми тәсілдеріне
талдау жүргізілді. Күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін қамтамасыз ету саласында қылмыстық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер енгізу
бойынша кейбір ұсынымдар берілді. Жеке басқа қолсұғылмаушылық қағидасының, кінәсіздік
презумпциясы қағидасының, сондай-ақ күдіктіге және айыпталушыға қорғану құқығын
қамтамасыз ету қағидасының мәні мен мазмұны жеке қаралады және талданады. Қылмыстық
процестің принциптері іс бойынша іс жүргізуді жүргізетін мемлекеттік органдар мен лауазымды
адамдардың қылмыстық сот ісін жүргізуде жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғау жөніндегі қызметін құрудың қандай да бір тұжырымдамасы болуға тиіс деген көзқарас
негізделеді.
Түйін сөздер: қылмыстық-процестік заңнама, қылмыстық сот өндірісі, қағидалар, алдын ала тергеу органдары, сот, прокурор, қорғаушы, қылмыстық процесс қатысушылары, күдікті, айыпталушы, кінәсіздік презумпциясы, құқықтар, бостандықтар мен заңды мүдделер, жеке басқа қолсұғылмаушылық.
