Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық интеграциясы және экологиялық мәселе
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/IRILJ.2019.v85.i1.04Аңдатпа
Қазіргі кезде халықаралық аренада Қазақстан Республикасы және де жалпы Орталық Азия мемлекеттерінің стратегиялық мүдделерін практикалық жүзеге асырудың мәселелері тұр. Жаңа жаһандық және аймақтық интеграциялық үрдістер олардың мүмкіндіктерін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық дамуына қолдану, халықаралық ұйымдарда жеке күн тәртібін қалыптастыру және нео-еуразиялық кеңістікті құрастыратын жетекші әлемдік державалардың геоэкономикалық және геосаяси мүдделерін ескере отырып, мемлекеттің сыртқы саясатын сақтау Орталық Азия мемлекеттерінің мақсатымен интеграциялық саясатын калибрлеуді талап етеді. Ең басты мәселе ынтымақтастық механизмдері мен конструктивті саяси және әлеуметтік-экономикалық формалармен толықтыратын мемлекетаралық өзара әрекетті қамтамасыз ету. Қазіргі кезеңде әлемнің көптеген мемлекеттерінде экологиялық жағдайды сәтсіз деп сипаттауға болады. Жағымсыз экологиялық ықпал мемлекеттік шекараларды мойындамай және тіршілік ортасына, сонымен қатар, іргелес аймақтарда өмір сүретін көп мөлшердегі адамдардың өмір сүру сапасына жағымсыз әсерін тигізеді. Экологиялық мәселелер көп жағдайларда аймақтық, көбінесе жаһандық сипатқа ие, тиісінше олардың шешімі бойынша
қабылданатын шаралар барлық ортақ мемлекеттердің келісілген нақты саясатын талап ететін интернационалды болуы қажет және де ең бастысы, шешім қабылдаудың ұлттық деңгейінде қабылданатын жауапкершілікті бөлісуге дайындықты талап етеді.
Түйін сөздер: интеграция, Орталық Азия, трансшекаралық ресурстар, су мәселесі.
