Қазіргі ғылыми зерттеулердегі Орталық Азия көлік дәлізі мәселелері

Авторлар

  • F. Kukeyeva
  • D. Zhekenov
  • D. Dyussebayev
  • A. Ordabayev

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/IRILJ.2019.v85.i1.03

Аңдатпа

Мақалада Орталық Азияның транспорттық дәліз дамуына отандық және шетел сарапшылардың негізгі көзқарастары қарастырылған. Орталық Азияның көлік дәлізі мәселесі шетелдік зерттеушілердің еңбектерінде белсенді түрде, жан-жақты қарастырыла бастады. Қаралатын мәселенің өзектілігі ұлттық және де халықаралық бағдарламалар шеңберінде Орталық Азия аймағындағы транспорттық инфрақұрылымның кеңеюімен түсіндіріледі. Орталық Азия мемлекеттерінің қатысуы мемлекеттің транзиттік потенциалын жүзеге асыру арқылы бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Алайда инфрақұрылымды жобаларды жүзеге асыру барысында аймақтық мемлекеттерде ұлттық мүдденің транспорттық саясатпен өзара байланысты қажет ететін тәуекелмен түйісіп қалу қаупі бар. Бұл дәл осы мәселеге деген ғылыми қызығушылықты түсіндіреді. Сарапшылар қауымдастығы транспорттық жобалардағы халықаралық ынтымақтастыққа және мемлекеттің транспорттық саясатына көбірек көңіл бөлуде. Халықаралық және аймақтық деңгейдегі транспорттық коридорлар бойынша әр түрлі аспектілер жағынан жұмыстардың үлкен санына қарамастан, ғылыми әдебиетте Орталық Азияның транспорттық коридоры саяси ғылымға тым шектеулі ғылыми қызығушылықты білдіреді. Қазіргі
ғалымдардың ғылыми еңбектері көтеріліп отырған мәселенің көлеңкелі тұстарын ашуға кешенді
көмектер бере алады.
Түйін сөздер: транспорттық коридор, Орталық Азия, транзиттік потенциал, сарапшылар қауымдастығы, ұлттық мүдде, қауіп-қатер.

Жарияланды

2019-04-28

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық саясаттың өзекті мәселелері