Жаһандану үрдісіндегі мәдени мұра мәселесі

Авторлар

  • Т. Мустафаева

Аңдатпа

Жаһанданудың заманауи кезеңін халықтар мен мәдениеттердің өзара қарым-қатынас аясының кеңеюі, мәдени бірігу уақыты деп сипаттауға болады. Ғылыми-техникалық даму жетістіктерін пайдалану мәдениеттерді жақындатудың және сонымен бірге стандартты мәдени құндылықтарды қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады. Мұндай жағдайларда мәдени құндылықтардың сақталуына қауіп төніп, мәдени құндылықтар мәнінің өзгеруі ықтимал екенін айта кеткен жөн. Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша, ұлттық-мәдени құндылықтар жаһанданудың әсеріне қаншалықты қатты ұшыраса да, олар ешқашан түбегейлі жоғалып кетпейді. Алайда тарихи тәжірибе көрсеткендей, бірқатар ұлттық мәдениеттер толығымен жойылып, ассимиляцияға ұшырады. Мұндай жағдайларда мемлекеттің араласуымен ұлттық мәдениеттерді сақтап қалуына деген мұқтаждық күшейе түседі.
Түйін сөздер: жаһандану, жаһандық үдерістер, мәдени мұра, ұлттық және мәдени құндылықтар, мәдениетаралық үнқатысу.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-04-17