Жібек жолының экономикалық белдеуі: Қазақстан үшін мүмкіндіктер мен болашағы
Аңдатпа
«Бір белдеу, бір жол» – «Жібек Жолы экономикалық аймағы» және «ХХІ ғасырдың Теңіздік Жібек Жолы» біріккен жобаларының Қытай Халық Республикасымен (ҚХР) алға қойылған ұсынысы. Бұл ұсынысты ең алғаш ҚХР басшысы Цзиньпин Орталық Азия елдері мен Индонезияға 2013 жылдың күз айында бару сапарында ұсынды. Бұл қытайлық бастаманың негізгі мағынасы
халықаралық достастықтың жаңа үлгісін іздеу, қалыптастыру және алға дамытуда және
Қытай елінің қатысуымен өзара әрекеттердің қолданыстағы аймақтық екі тараптық және көп
тараптық механизмдері мен құрылымдарын дамыту болып табылады. Ежелгі Жібек Жолының
ерекшеліктерін жалғастыру және дамыту негізінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аймақтық
экономикалық серіктестіктің жаңа механизмдерін дайындауға, қызығушылық танытқан елдердің
экономикалық дамуын қалыптастыруға, әртүрлі өркениеттер арасындағы мәдени қатынастар
мен барлық сала бойынша байланыстардың нығаюына және сонымен қатар тыныштық пен
тұрақты дамудың болуына шақырады. Қытай елінің ресми деректері бойынша, «Бір белдеу, бір
жол» жобасы дамушы елдерді біріктіре отырып, оның ішінде «жаңа экономика» және дамыған
елдерді қосып, Еуразияның үлкен бөлігін қамтиды. Мегажобаның аймағында ресурстардың бай
қоры анықталған, ғаламшарымыздың 63 % өмір сүреді, ал болжамдық экономикалық ауқымы
– 21 трлн АҚШ доллары. Жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыстың әсерінен әлемдік
экономиканың баяу қалпына келуі барысында, әлемдік қауымдастыққа өзара әрекеттестіктің
жаңа үлгісін табуға және экономикалық дамудың жаңа механизмдерін құруға тура келеді. Қытай
экономикасының әлемдік экономикаға интеграциясы барысында Қытай өзінің қабілеттіліне сәйкес
үлкен ауқымдағы халықаралық жауапкершіліктерді және міндеттемелерді алуға, тыныштықты
сақтау мен жалпы адамзаттық дамуға үлкен үлесін қосуға дайын. «Бір белдеу, бір жол» біріккен
құрылысының мақсаты еркін, реттелген экономикалық факторлардың қозғалысына, қорлардың
тиімді таратылуы мен нарықтық интеграцияның нығаюына, «Бір аймақ – бір жол» бағытындағы
елдердің экономикалық саясатының координацияларының кеңеюіне, аймақтық қауымдастықтың
ашық, инклюзивті және үйлесімді, архитектурасын қалыптастыруға біріккен күштердің күшеюі
мен нығаюына бағытталған, мұндай серіктестік архитектуралар аясында барлық ел тек пайда
және тұрақты даму мүмкіндіктерін алады.
Мақалада Жібек Жолының Экономикалық Белдеуінің экономикалық мазмұны ашылады,
және сонымен қатар бұл жаһандық жоба қазақстандық-қытайлық экономикалық қатынастардың
дамуына ықпал ететіндігін қарастырады.
Түйін сөздер: Жібек Жолының Экономикалық Белдеуі, қазақстандық-қытайлық экономикалық
қатынастар, жүйе, жоба, жол, қызығушылық.
