Балтық елдеріндегі еңбек нарығында пана іздеген тұлғалар мен иммигранттар интеграциясына жәрдемдесу: сандық кәсіпкерліктің мүмкіндіктері
Аңдатпа
Европа елдері иммигранттар және пана іздеген тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық интеграциясын қолдауды қажет ететін үлкен проблемалармен бетпе-бет келіп отыр. Инновациялық жолдар еңбек нарығында экономикалық өзін-өзі қамтамасыз ете алу факторы ретінде олардың интеграциясына жәрдемдесуі және зерттеу, білім беру және бизнес секторларымен ынтымақтастықта дамытылуы керек. Мақаланың мақсаты – сандық кәсіпкерліктің өзектілігін қажеттілігі қабылдаушы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайына сәтті интеграция болып табылатын пана іздеушілер мен иммигранттардың жаңа құзыреттілігі ретінде ашу. Табылған эмпирикалық деректер Балтық елдерінің еңбек нарығында пана іздеушілер мен иммигранттардың интеграциясының тиімді жолдарында қызығушылық білдіретінін дәлелдейді. ИКТ дамуы бизнес дамуының жаңа жолдарын көрсететіндіктен (сандық кәсіпкерлік бір жолы болып табылады), ересектер бағдарланған тобына арналған білім беру бағдарламалары олардың білімі мен шеберліктерін жетілдіру үшін әзірленуі керек. Алайда қазіргі кезде серіктес-мемлекеттерде сандық кәсіпкерлік саласында пана іздеушілер мен иммигранттарға арналған арнайы бағдарламалар жоқ.
Түйін сөздер: иммигранттар мен пана іздеушілер, сандық кәсіпкерлік, еңбек нарығындағы интеграция.
