Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қатысуымен өтетін ДСҰ сауда даулары

Авторлар

  • Z. Baimagambetova
  • A. Gabdulina

Аңдатпа

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосылғаннан кейін ДСҰ шеңберінде дауларды шешу тетігін зерттеу өзекті тақырыпқа айналды. Қазіргі таңда ЕАЭО бес мүшесінің төртеуі: Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей (Беларусьтан басқа) ДСҰ-ның толыққанды мүшесі болып табылады және сауда дауларын шешудің жалпы қабылданған тетігіне тікелей қолжетімділікке ие болды. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер өзінің қызметінде ДСҰ нормалары мен қағидаларын басшылыққа алады және Одаққа мүше барлық мемлекеттердің Ұйымға қосылуының маңыздылығын мойындайды.
Мақалада Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің қатысуымен ДСҰ шеңберінде дауларды шешу ерекшеліктері қарастырылады. Негізгі міндеті ретінде ЕАЭО барлық қатысушыларының мүддесін қорғай отырып және ДСҰ-ның ережелері мен нормаларын басшылыққа ала отырып, ДСҰ-ға мүше елдермен өзара сауда-саттықты дамыту үшін Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі сауда дауларын шешу тетігін тиімді пайдалану қажеттілігі болып отыр. Авторлар ЕАЭО және ДСҰ-ның құқықтық режимдерінің өзара әрекеттесуінің және арақатынасының негізгі проблемаларын, мемлекеттердің ұжымдық мүдделерін қорғау және жалпы ұстанымдарды шығару жолымен ұйым мүшелерінің міндеттемелері мен уағдаластықтарының ұстануын анықтайды.
Түйін сөздер: Дүниежүзілік сауда ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Еуразиялық экономикалық комиссия, Дауларды шешу бойынша Орган, дауларды шешу, кеңес беру.

Жарияланды

2019-04-17

Журналдың саны

Бөлім

Қауіпсіздік және халықаралық мәселелер