Америкааралық аймақта адам құқықтарын қорғаудың халықаралық жүйесінің нығаюының келешегі туралы (Америкалық мемлекеттер ұйымының қызметін талдау мысалында)
Аңдатпа
Аталған зерттеудің пәні болып адамның құқықтары мен оның негізгі бостандықтарын қорғау
бойынша Америкалық мемлекеттер ұйымы шеңберінде қызмет жасайтын институционалдық
органдардың қызметі табылады. Мақалада адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарына
қатысты міндеттемелерді одан әрі әзірлеу мен қолдану бойынша әрекет жоғарыда аталған
ұйыммен қалай жүзеге асырылады, әсіресе олардың іс жүзінде сақталуына халықаралық бақылау
жүргізу кезінде, сонымен қатар адам құқықтарын қорғаудың жаһандық халықаралық жүйесін
нығайту мәнмәтінінде олардың келешегі қандай деген сынды сұрақтар қарастырылған.
Мақсатқа жету мен қойылған міндетті шешу үшін Америкалық мемлекеттер ұйымы қызметі
мысалында халықаралық құқық қорғау жүйесінің нығаюының келешегіне талдау жасалынды. Осы
ұйым қызметі шеңберінде қарастырылған аядағы жетістіктер ынсапты болып табылады. Бірақ,
сонымен бірге, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да аймақтық құрылымдардың тәжірибелерін
есепке ала отырып, адам құқықтарын қорғаудың өзіндік аймақтық жүйесі даму үстінде деп
айтуға болады.
Авторлар, қазіргі таңда жұмыс жасайтын адам құқықтарын қорғаудың америкааралық жүйесі
құрылымы мен нормативтік-құқықтық негізі бойынша, адам құқықтарын қорғаудың еуропалық
жүйесіне сәйкестеу келеді деген тұжырымға келеді. Бірақ, сонымен қатар, ол еуропалық аймақта
жұмыс жасайтын жалпыға танылған бақылау тетіктерімен салыстырғанда, бөлек маңызды
кемшіліктерден арылған емес.
Түйін сөздер: Американдық декларация, комиссия, Америкааралық Сот, Америкалық
мемлекеттер ұйымы, адам құқықтары.
