Шығыстан келген жаңа жаһандану
Аңдатпа
XXI ғасырдағы адамзат баласының даму бағыты Халықаралық қатынастар және әлемдік тәртіп мәселелеріне тың өзгерістер әкелуді талап етіп отыр. Экономика мен саяси қарым-қатынастардағы шекаралардың күннен-күнге жойылуы Жаһанданудың жаңа серпінін алып келуде. Осы мақала барысында осы уақытқа дейінгі Еуропалық, Кеңестік, Американдық жаһандану үлгілерін мысалға ала отырып, бүгінгі күні қызу талқыға түсіп отырған Жаһанданудың қытайлық үлгісіне ғылыми сараптама жасауды жоспарлап отырмыз. Шығыстан келген жаңа Жаһандану жай ғана қауесет емес, Қытай Халық Республикасы тарапынан нақты қадамдармен іске асырылуда. ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басында Қытайлық ғалымдар Халықаралық қатынастар ғылымының қытайлық теориясын іздеуді бастап кетті. Жалпы ғылымның теориясы адамзат баласына ортақ болғанда ғана нақты ортақ құндылықтарға айналатындығын ескерсек, қытай зерттеушілері ұсынып отырған кейбір теориялар немесе ғылыми ұстанымдар ортақ пайдалануға сұранып тұрған тәрізді. Онымен қоса, Қытайлық Жаһандану тек ғылыми тұрғыдан емес, «Бір Белдеу – Бір Жол» сияқты ғаламдық жобалармен қатар үйлестіріліп отыр.
Түйін сөздер: Жаңа жаһандану, Қытай Халық Республикасы, Қытай арманы, Си Цзиньпин, Қытайдың Халықаралық қатынастар теориясы.
