Мәдениеттер әр түрлі ұлттaрғa сaбaқ беру тәжірибесі: соның ішіндегі әдістемелерді ойлaу
Аңдатпа
Мақала Еуропа ғалымдарының кейбір материалдары негізінде білім мен оқыту тәжірибесіндегі әртүрлі мәдениеттерге қатысты маңызды мәселелердің біріне арналады. Оқыту – тек технология мен стратегияларды жеткізу мәселесі ғана емес, сонымен қатар өз білімімізді әрі қарай шыңдау мен тәжірибемен бөлісу болып табылады. Автор оқытушының негізгі мақсаты өзіндік «мен» қалыптастыру, тәрбие мәселесі «керемет тәуекел» деп есептейді. Мақалада Ален Финкелкроу, Волсгрубер Карло, Герт Биестa, Мария Самбрано, Ханна Арендт и Карл Дель Карпио сияқты ғалымдардың оқыту әдістері қарастырылады. Сондай-ақ автордың пікірінше білім алушылар үшін білім беру үдерісінде іс-әрекеттердің барлығы пайдалы бола бермейді, яғни студенттің экстроверт немесе интроверт болуына байланысты қандай-да бір іс-әрекет кейбір студенттер үшін тиімді болғанмен, кейбір студенттер үшін ешқандай тиімді болмауы мүмкін.
Түйінсөздер: оқыту, әдістеме, стрaтегия, білім беру, тәжірибе, білім, тұлғa, тәуекел, әдіс.
